
2026 жылдың 17 наурызында Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде «Екпемен меңгерілетін инфекциялардың, оның ішінде қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы, иммундау жұмысы және екпеден бас тартқандармен жұмыс жүргізудің өзекті мәселелері» тақырыбында «Маман күні» өткізілді. Маман күніне Тараз қаласы мен 10 аудан басқарма басшылары, басшы орынбасарлары, эпидемиологиялық бақылау бөлімі басшылары, иммунды алдын алуға жауапты мамандар қатысты.
Жиын барысында вакцина арқылы басқарылатын инфекциялардың әлемдегі, ТМД елдеріндегі, сондай-ақ республикамыз бен облысымыздағы эпидемиологиялық жағдайына жан-жақты талдау жасалды. Сонымен қатар, қызылша мен көкжөтелдің таралу ахуалы баяндалып, 2025 жылдың қорытындысы бойынша алдын ала екпелермен қамту және екпеден бас тарту мониторингінің нәтижелері талқыланды. Мониторинг жұмысында анықталған кемшіліктер атап көрсетіліп, Жамбыл облысы аумағындағы туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы мен осы бағыттағы өзекті мәселелер де қамтылды.
Іс шара соңында Жамбыл облысы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары мамандары иммунды алдын алу мәселері бойынша аттестациялаудан жоғарғы көрсеткіштермен өтті.