ЖРВИ ЖӘНЕ ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

ЖРВИ ЖӘНЕ ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

ЖРВИ – тыныс алу жолдарын зақымдайтын жұқпалы аурулар тобы. Аталған инфекциялар әртүрлі вирустар арқылы таралады және көбінесе күз-қыс мезгілінде жиі тіркеледі.

Тұмау – ЖРВИ тобына жататын, бірақ ауыр өтетін жіті вирустық инфекция. Тұмау ауруы тез таралуымен және асқынулардың даму қаупімен ерекшеленеді.

Аурудың негізгі белгілері:

дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бас ауруы, тамақтың ауыруы, мұрынның бітелуі немесе су ағуы, жөтел, бұлшықет пен буындардың ауыруы.

Алдын алу шаралары:

  • жеке гигиена талаптарын сақтау, қолды жиі жуу;
  • адамдар көп жиналатын орындарда бетперде тағу;
  • бөлмелерді жүйелі түрде желдету;
  • дұрыс тамақтану және иммунитетті нығайту;
  • ауру белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгіну;
  • тұмауға қарсы профилактикалық вакцинациядан өту.