
Адам папилломасы вирусы (АПВ) — кең таралған вирустық инфекция. Оның 200-ден астам түрі бар, кейбірі адам денсаулығына қауіпті.
Вирустың 16 және 18 типтері жатыр мойны обырының дамуына себеп болуы мүмкін, ал басқа түрлері жыныс сүйелдерін тудырады. Сондықтан ауруды ерте анықтау үшін тұрақты медициналық тексерулерден өту маңызды.
АПВ-ның алдын алу және ЖМО-ны болдырмаудың жалғыз жолы — вакцинация. Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 11-13 жастағы қыз балаларға АПВ-ға қарсы екпе жүргізіледі.
АПВ адамнан адамға келесі жолдармен беріледі: