ХИМИЯЛЫҚ УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

ХИМИЯЛЫҚ УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Химиялық уланудың алдын алу - бұл тыныс алу мүшелері, тері, шырышты қабаттар және ас қорыту жолдары арқылы адам ағзасына улы затардың түсуін болдырмауға бағытталған шаралар жүйесі.

ХИМИЯЛЫҚ УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ:

  • химиялық заттарды, соның ішінде тұрмыстық химияны, дәрі-дәрмектерді және тазалау құралдарын балалардың қолы жетпейтін жерде, тығыз жабық контейнерлерде сақтау;
  • жарамдылық мерзімі өтіп кеткен және қажет емес химиялық заттарды қолданбау;
  • химиялық заттарды, соның ішінде тұрмыстық химияны пайдаланған кезде пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығып, қаптамадағы ұсыныстарды қатаң сақтау;
  • улану белгілері пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну керек.