ТАМАҚТАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

ТАМАҚТАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Тамақтан улану — сапасыз немесе токсиндермен ластанған тағам мен сусындарды пайдаланғаннан туындайтын ас қорыту жүйесінің жіті бұзылуы.

  • Алдын алу жолдары:
    жеке бас гигиенасы ережесін сақтаңыз;
    көкөністер мен жемістерді, шикі етпен жанасқан пышақтар мен турайтын тақтайшаларды мұқият жуыңыз;
    шикі және дайын тағам өнімдерінің жанасуына жол бермеңіз;
    тамақ өнімдерін сатып аларда қаптаманың тұтастығына, өндірілген күніне және сақтау мерзіміне назар аударыңыз;
    тамақ өнімдерін тек рұқсат етілген жерлерден сатып алыңыз, рұқсат етілмеген сауданы болдырмаңыз.