
Қызылша — вирус текті, өте жұқпалы инфекциялық ауру. Вирус жөтелгенде, түшкіргенде және сөйлескенде ауа-тамшы жолы арқылы оңай таралады.
Ауру ауыр асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін. Қызылшаның ең жиі кездесетін асқынуларына пневмония, отит, бронхит, энцефалит, құрысулар, сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің зақымдануы жатады.
Қызылшаның алдын алудың ең тиімді тәсілі — вакцинация. Вакцина қауіпсіз, иммундық қорғаныс қалыптастырады және ағзаға вируспен күресуге көмектеседі.