
2026 жылдың 23 ақпаны күні Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция мүшелерінің кездесуі өтті.
Кездесуге «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының директоры Қасымхан Төлендиев және облыстық мәслихат депутаты Андрей Савченко қатысып, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, алдағы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысу – әр азаматтың маңызды азаматтық борышы екені атап өтілді.
Жиын барысында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік саясаты да талқыланды. Осы бағыттағы қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, құқықтық мәдениетті арттыру және заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен сөз болды.