Өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілер мен жобаларына берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері туралы

Өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілер мен жобаларына берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері туралы

Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өнеркәсіптік, радиациялық қауіпті обьектілерді бақылау және қадағалау бөлімі аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында ZOOM режимінде кеңес өткізілді.
Өткізілген кеңес барысында өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілер мен жобаларына берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігіне жүргізілген ішкі бақылау қорытындылары айтылды.
Кеңес қорытындысы бойынша департаменттің аумақтық бөлімшелеріне ұсыныстар берілді.
Өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілер мен жобаларына ішкі бақылау жүргізу жұмысы жалғасады.