Рамазан айында ауызашар беру кезінде тағамнан уланудың алдын алу бойынша халыққа арналған ұсынымдар

Рамазан айында ауызашар беру кезінде тағамнан уланудың алдын алу бойынша халыққа арналған ұсынымдар

Ауызашар өткізу кезінде тағам қауіпсіздігін сақтау өте маңызды.

  1. Жеке гигиенаны сақтау:
  • тамақ дайындамас бұрын және тамақ қабылдағанда қолды сабынмен мұқият жуыңыз;
  • таза ыдыс-аяқ пен ас құралдарын пайдаланыңыз;
  • ЖРВИ, іш қату, теріде ірің ауру белгілері бар адамдарды тамақ дайындауға жібермеңіз.
  1. Өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету:
  • өнімдерді тек ресми сауда нүктелерінен сатып алыңыз;
  • тұтыну мерзімі мен сақтау жағдайларын тексеріңіз;
  • қоректік өнімдерді тоңазытқышта +2 +6 °C температурада сақтаңыз;
  • шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтаңыз.
  1. Дайындау ережелерін сақтау:
  • ет, құс еті, балық, жұмыртқаны жеткілікті термиялық өңдеуден өткізіңіз;
  • дайын тағамдарды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмаңыз;
  • үлкен көлемде тағам дайындағанда сақтау жағдайын бақылаңыз.
  1. Сапалы суды пайдалану:
  • қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішіңіз;
  • сенімді емес көздерден алынған суды пайдаланбаңыз.
  1. Көпшілік ауызашарларды ұйымдастыру (үйде немесе қоғамдық жерде):
  • тоңазытқыш жабдықтарының жеткілікті болуын қамтамасыз етіңіз;
  • дайындау және тарату орындарын таза ұстаңыз;
  • өнімдердің бір-біріне жанасуын болдырмаңыз;
  • қоғамдық тамақтану объектілерінде ауызашар өткізсеңіз, тек тексерілген сенімді объектілерді пайдаланыңыз.

Улану белгілері пайда болған жағдайда (құсу, диарея, іштің ауыруы, температураның көтерілуі) дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті денсаулықты сақтап, ауызашарды қауіпсіз өткізу үшін осы қарапайым ұсыныстарды жауапкершілікпен сақтауды сұрайды.