Маймыл шешегінің әкелінуі мен таралуына жол бермеу шаралары жөнінде туристерге арналған ұсынымдар

Маймыл шешегінің әкелінуі мен таралуына жол бермеу шаралары жөнінде туристерге арналған ұсынымдар

Маймыл шешегі – науқас адаммен тығыз қарым-қатынас жасау, оның терідегі бөртпелерімен, биологиялық сұйықтықтарымен немесе пайдаланған заттарымен байланыс арқылы берілетін вирустық жұқпалы ауру.
1. Инфекцияның таралуының алдын алу үшін эндемиялық елдерге баратын туристерге ұсынылады:
2. Жануарлармен, әсіресе вирустың тасымалдаушысы болуы мүмкін кеміргіштер мен приматтармен байланыстан аулақ болу.
3. Ықтимал жұқтырылған жануарлармен байланыс қажет болған жағдайда жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, маска) пайдалану.
4. Жеке гигиена ережелерін сақтау, қолды сабынмен жиі жуу немесе антисептиктер қолдану.
5. Маймыл шешегіне тән белгілер пайда болған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну және жануарлармен немесе осы аурумен ауырған адамдармен ықтимал байланыс туралы хабарлау.
Бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасында маймыл шешегіне күдікті бірде-бір ауру жағдайы тіркелген жоқ.