
2026 жылдың 13 ақпанында Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті базасында аумақтық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармалары мамандарына арналған «Маман күні» өткізілді. Іс-шараның мақсаты – аса қауіпті инфекциялық аурулардың және туберкулездің алдын алу бойынша жүргізілетін санитариялық - эпидемияға қарсы жұмыстардың тиімділігін арттыру, нормативтік- құқықтық актілер талаптарының орындалуын талдау және мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіру.
Маман күніне қатысушыларға қолданыстағы бұйрықтар мен санитариялық талаптар түсіндіріліп, жұмыс барысында туындайтын өзекті мәселелер талқыланды. Аумақтық басқармалар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.
Маман күні қорытындысы бойынша аса қауіпті инфекциялар және туберкулез бойынша мониторинг сапасын арттыру, эпидемияға қарсы іс-шараларды уақытылы ұйымдастыру және биологиялық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.