Аса қауіпті инфекциялары бойынша семинар өткізу туралы

Аса қауіпті инфекциялары бойынша семинар өткізу туралы

Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің негізгі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарына сай, 2026 жылдың 12 ақпанында, облыстың Ұлттық сараптама орталығы, денсаулық сақтау және ветеринария басқармаларымен бірлесіп, халық арасында аса қауіпті инфекциялардың, оның ішінде Нипах, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы мен сібір жарасының алдын алу бойынша облыстық семинар өтті.

Семинарға санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, аумақтық басқармаларының, Ұлттық сараптама орталығының, облыстық ветеринариялық қызметінің басшы орынбасарлары мен жауапты мамандары, эпидемиологтары, Жамбыл облысының денсаулық сақтау ұйымдарының бас дәрігерлерінің орынбасарлары, инфекционистері және госпитальдық эпидемиологтары қатысты.

Семинарда мүдделі қызметтері мен ведомстволары бірігіп КҚГҚ мен сібір жарасына қарсы кешенді іс-шараларды ұйымдастырып  жүргізу, сонымен қатар, аурудың клиникасы,  диагностикалық әдістері, зертханаға сынамалар алу тәртібі туралы мәселелер  талқыланды.

Семинар қорытындысы бойынша Нипах, КҚГҚ мен сібір жарасының алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту туралы нақты нұсқамалар берілді.