Жамбыл облысының СЭБ департаментінде 2025 жылдың 12 айын қорытындылауға арналған кеңейтілген жұмыс жиналысы өтті.
Департамент басшысы Б. Шиналиевтің төрағалығымен өткен жиналысқа аумақтық басқарма басшылары мен салалық мамандар қатысып, атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.
Жиын барысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың қорытындысы сараланды. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру аясында «ҰСО» Жамбыл облыстық филиалы мен Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының атқарған жұмыстары қорытындыланып, мемлекеттік тапсырыстардың орындалу барысы нақтыланды. Жұқпалы инфекциялардың жағдайы, екпе жұмыстары, мәселелер және оның шешу жолдары талқыланды. Департамент пен аумақтық басқарма мамандарының қызметінде заңдылықты қамтамасыз ету, әкімшілік хаттамалар жасау сапасы, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше екпін берілді. Бұған қоса, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен мүліктің сақталуы, ақпараттық қауіпсіздік пен «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттармен жұмыс істеу тәртібі бақылауға алынды. Басқарма басшыларының ашықтық рейтингісі талқыланып, басқа да бөлімшелердің қорытынды баяндамалары тыңдалып, өзекті мәселелер бойынша талқылаулар өткізілді. Барлық бағыттар бойынша 2026 жылға арналған кешенді міндеттер белгіленіп, нақты тапсырмалар берілді.