
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тамақтану объектілерін бақылау бөлімінің мамандарымен аумақтық басқарма мамандарына «Өндірістік бақылау есептерін ұсынбаған қоғамдық тамақтану және тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне қатысты бармай профилактикалық бақылау жүргізуді қамтамасыз ету» тақырыбында ZOOM режимінде семинар ұйымдастырылып, өткізілді.
Семинар барысында «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16, «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № ҚР ДСМ -36, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар туралы мәліметтерді ұсынудың кейбір мәселелері туралы» 01.03.2023 жылғы № 130, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрықтарының талаптары баяндалды.
Сонымен қатар, күн тәртібінде топтық тамақтан улануды тексеру мәселелері, тамақтан уланулардың негізгі белгілері қандай, жиі кездесетін түрлері, алдын алу шаралары туралы түсіндірілді.
Семинардың қорытындысы бойынша тамақтан улануларды санитариялық-эпидемиологиялық тексеру тәртібінің мазмұны, тексеру жүргізу тәртібі, тіркеу және есепке алу, сынамаларды алу және оларды зертханаға жеткізу ережелері, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз ету бойынша сұрақтар талқыланып, ұсыныстар берілді.