Сүт және сүт өнімдері

Сүт және сүт өнімдері

Кеден одағының «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне (КО ТР 033/2013) сәйкес сүт өнімі сүттен немесе оның құрамдас бөліктерінен (кілегей, сарысу), соның ішінде ауыз сүт, айран, йогурт, қаймақ, ірімшіктер, сүзбе, май, қоюландырылған сүт, балмұздақ, құрғақ сүт, арнайы мамандандырылған балаларға арналған және диеталық сүт өнімдері, сондай-ақ оларды өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдегежарату кезінде қауіпсіздігіне, таңбалауға және буып-түюге қойылатын бірыңғай талаптарға қолданылатын өнімдері болып табылады.

Белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде Кеден одағының аумағында айналымдағы сүт және сүт өнімдері мақсаты бойынша пайдаланылған кезде қауіпсіз болуға тиіс. Сүт және сүт өнімдері Кеден одағына мүше мемлекеттердің және бірыңғай экономикалық кеңістіктің нарығында олардың «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағыныңтехникалық регламентінің (КО ТР 033/2013) талаптарына, сондай –ақ оларға қолданылатын Кеден одағының басқа да техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігібойынша айналымға шығарылады. Осы техникалық регламенттің сақталуы тұтынушылардың денсаулығын қорғауға және өндірушілер арасында адал бәсекелестікке кепілдікбереді, сонымен қатар өнімнің қауіпсіздігін қамтамасызетеді.

Сүт және сүт өнімдері тұтынушылар үшін атауы; тауар белгісі (сауда белгісі); өнімнің құрамы; массасы; сүт немесе сүт өнімдері партиясының нөмірі; дайындалған күні; жарамдылық мерзімі; сақтау шарттары; дайындаушының атауы мен орналасқанжері; ұсынымдар және (немесе) пайдалану жөніндегі шектеулер, тағамдық құндылық көрсеткіштері; Кеден одағына (ЕАС) мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналысының бірыңғай белгісі болуы керек.

Сатуға арналған сүт өнімдері Кеден одағының «Қаптаманың қауіпсіздігі туралы»техникалық регламентінің (КО ТР 005/2011) талаптарына сәйкес келетін және сүт пен сүт өнімдерінің тұтынушылық қасиеттерінің қауіпсіздігі мен сақталуын олардың жарамдылық мерзімі ішінде осы техникалық регламенттің талаптарынасәйкес келетін қаптамаға салынуға тиіс.