
Темекі шегу бала ағзасының әртүрлі жүйелерінің ауруларының дамуына ықпал етеді, зат алмасудың нашарлауына әкеледі.
Темекі шегу кезінде көмірқышқыл газының көп мөлшері баланың қанына енеді. Көмірқышқыл газы гемоглобинмен әрекеттесіп, оттегін алмастырады. Жоғары концентрацияда ол тіпті дененің оттегі ашығуына байланысты өлімге әкелуі мүмкін.
Балалардың темекі шегуі, олардың өсуінің тежелуіне, жасөспірімнің физикалық дамуынан артта қалуына әкеледі. Психикалық аурулар мен психологиялық тәуелділік пайда болуы мүмкін. Балаларда бұлшықет жүйесінің патологиясы тіркеледі, жүрек, өкпе, бауыр аурулары байқалады.
Никотинге бірінші болып баланың миы жауап береді. Оттегінің толық жетіспеуінен мидың жүйке жасушаларының қызметі тежеледі. Темекі шегетін жасөспірімдерде оқу үлгерімі мен физикалық белсенділігі төмендейді.
Жасөспірім баланың тыныс алу және ас қорыту жүйесі егде жастағы адамдарға қарағанда әлдеқайда белсенді, өйткені уытты заттар балалардың денесінде тез сіңеді.
Балалардағы никотинге тәуелділік өте тез туындайды, сондықтан жасөспірімдерге темекі шегуді алдын-ала ескерту керек. Салауатты өмір салтын насихаттау, ата анадан бастап мұғалімге дейінгі барлық ересектердің міндеті.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» №360-VI Кодексінің 110-бабы 2, 5-тармақтарының 1, 5 тармақшаларына сәйкес –» денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылысжайлардың, стадиондардың ғимараттары мен аумақтарында темекіні қыздыруға арналған жүйелерді сатуға тыйым салынады. Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелері мен олар үшін сұйықтықтарды білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың демалуына арналған ұйымдарда тұтынуға тыйым салынады».
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары балалар мен жасөспірімдермен, сондай-ақ педагогикалық ұжымдармен және ата-аналармен темекі шегудің алдын алу бойынша кең ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізуде. 2025 жылдың басынан бері бұқаралық-ақпарат құралдарында 4 мақала, әлеуметтік желілерде 4 жарияланым жарияланды, 4 тікелей эфир, 2 ашық есік күні ұйымдастырылды, 20 дәріс, 2 радиолекция оқылды және 47 әңгіме өткізілді.
Балалардың темекі шегуінің алдын алу үшін, ата-аналардың қолдауы, мұғалімдердің, дәрігерлердің түсіндіру жұмыстары — өте қажет.