Облыстың білім беру және тәрбиелеу объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді

Облыстың білім беру және тәрбиелеу объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді

    Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің базасында облыстың білім беру және тәрбиелеу объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарымен дөңгелек үстел өткізілді.

    Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің 2025 жылғы 14 шілдедегі жеке зертханалардың жұмысы туралы аппараттық кеңесінің материалдары талқыланды.

    Департаменттің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімінің мамандары зертханалық зерттеулер нәтижелерін ресімдеудің негізгі қағидалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-334/2020 бұйрығына және «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығының талаптарына қатысты түсініктемелер берілді.

    Дөңгелек үстел барысында барысында пікір алмасып, туындаған мәселелер талқыланды. Департаменттің мамандары барлық сұрақтарына толық жауап берді.