Туберкулезге қарсы екпенің маңызы туралы

Туберкулезге қарсы екпенің маңызы туралы

      Жамбыл облысында туберкулездің эпидемиологиялық көрсеткіштері төмендеуде.

      Соңғы 10 жылдың ішінде облыста туберкулезбен сырқаттанушылық 1,8 есеге (100 мың тұрғынға шаққанда 2014 жылғы 59,7-ден 2024 жылы 32,6-ға дейін), өлім көрсеткіші 3,9 есеге (100 мың тұрғынға шаққанда 2014 жылғы 4,3-тен 2024 жылы 1,1-ге дейін) төмендеді.

      2025 жылдың 6 айында облыс бойынша туберкулез ауруының 206 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші-16,8 құрады, 2024 жылдың осы мезгілінде-18,0, ауру көрсеткіші-6,6% төмендеді, сонымен қатар тыныс алу мүшелері туберкулезі-3 жағдайға. Алғаш ауырып тіркелген 206 науқастардың 89-ы (43,2%) клиникалық белгілері бар науқастарды лабораториялық жолмен тексергенде, 99-ы (48,1%) флюорографиялық әдіспен, 18-і (8,7%) басқа әдістермен (Манту, рекомбинантты туберкулезді аллерген сынамаларымен) анықталды.

      Тыныс алу органдары туберкулезімен ауырғандардың ішінде бактерия бөлетіндер үлесі-29,4% (55 жағ.), 2024 жылдың осы мезгілінде-32,1% (61 жағ.) құрады. Барлық тіркелген туберкулез ошақтарында байланыста болған 1000-нан аса адамдар анықталып, туберкулезге тексерілді, диспансерлік есепке алынды. Бактерия бөлетін науқастар ауруханаға жатқызылды, бөлмейтін науқастар өздерінің тұрақты мекен жайлары бойынша медициналық ұйымдарда емдерін қабылдауда.

     Туберкулез - адам денсаулығына біршама нұқсан келтіретін, әлемде ең ауқымды таралған аса жұқпалы қауіпті дерт. Әлемде бұл індетті «№1 инфекциялық өлтіргіш» деп атайды. Туберкулездің алдын алуда, туберкулезбен ауырған науқасты дер кезінде анықтаудың, диагнозын жедел қойып, ауруханаға оқшаулаудың, флюорографиямен, Манту, рекомбинантты туберкулезді аллерген сынамалармен тексергенде оң нәтижемен анықталғандардың туберкулезге тексерілуінің және жаңа туылған балаларды туберкулезге қарсы егудің маңызы зор.

      Иммундық-профилактика бүкіл әлемде инфекцияларға қарсы күресуде ең тиімді, үнемді және қолжетімді шара болып табылады. Қазақстан Республикасында балаларды иммундау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған, жоғары сапалы, қауіпсіз вакциналар сатып алынады.

      Туберкулезге қарсы екпе бала туылған алғашқы күндері жүргізіледі. Бұл вакцина баланы туберкулездің ауыр түрлері, емделуі қиын және 100 пайыз жағдайда өліммен аяқталатын - туберкулезді менингит және туберкулездің жалпыланған түрінен қорғауға көмектеседі.   

      Қазақстан Республикасының профилактикалық егулер Ұлттық күнтізбесіне сәйкес, БЦЖ вакцинасы медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, жаңа туылған дені сау балаларға алғашқы 2-4 тәулікте жүргізіледі.

      Туылған кезде және бас тарту жағдайымен туберкулезге қарсы егілмеген балаларға осы инфекцияға қарсы вакцинация 15 жасқа дейін 1 рет жүргізіледі.

      Жамбыл облысында жыл сайын туберкулезге қарсы 10 мыңнан аса жаңа туылған нәрестелер егіледі. Биылғы жылдың 6 айында облыста 10100-ден астам жаңа туылған балалар егілді, олардың ішінде иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің күрделі жағдайлары тіркелген жоқ.

      Туберкулезге қарсы екпе нәтижесінде ауру көрсеткіштері төмендеп отырғанымен, екпеден бас тартатын ата аналар бар. Биылғы жылдың 6 айында туберкулезге қарсы егуден 91 ата-аналар бас тартты. Профилактикалық екпелерден бас тарту арқылы ата-аналар баланы инфекциялардан және оның зардаптарынан қорғау құқығынан айыратынын есте ұстағаны жөн.

      Балалар балалық шақта жұқпалы ауруларға осал болады. Бұл жетілудің жеткіліксіздігі және дененің жалпы төзімділігінің төмендігіне байланысты. БЦЖ вакцинасы туберкулезге қарсы белсенді иммунитетті ынталандыру үшін қолданылады, вакцинацияланған адамның жасушалық иммундық реакциясын тудырады, бұл туберкулез инфекциясынан белгілі бір дәрежеде қорғаныс береді. Туберкулезге қарсы вакцинациядан кейін қорғаныс механизмі бактериялардың бастапқы инфекция орнынан қан арқылы таралуын тежейді, аурудың даму қаупін және процестің қайта жандануын азайтады. Иммунитет, иммундаудан кейін шамамен 6 аптадан кейін қалыптасады. БЦЖ вакцинациясынан кейін иммунитеттің әлсіреу белгілері 7-10 жылдан кейін байқалады.

      Профилактикалық екпелерден бас тарту арқылы ата-аналар баланы инфекциялардан және оның зардаптарынан қорғау құқығынан айыратынын есте ұстағаны жөн. Айта кету керек, кез келген енгізілген вакцинаға адам ағзасында иммунитеттің пайда болуымен қатар, иммунизациядан кейінгі қолайсыз көріністердің дамуы, мысалы, вакциналардың көпшілігін енгізу кезінде пайда болатын дене температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы, қызару мен ісіну, ал БЦЖ вакцинасын енгізгенде вакцинация орнына жақын орналасқан лимфа түйіндерінің ұлғаюы (лимфадениттер) мүмкін.

      Лимфадениттер тіркелуі мүмкін реакцияларға жатады және баланың денесінің жеке ерекшеліктеріне байланысты дамиды (бұл көбінесе қауіп тобындағы 90%-иммундық тапшылығы бар балалар) және сәтті емделеді.

      Әрбір адам дер кезінде профилактикалық тексеруден өтіп, туберкулезге қарсы екпе алу қажет, өйткені бұл инфекцияның дер кезінде алдын алудың және сәтті емдеудің кепілі.