
2025 жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен 755 (берілгені - 610, бас тартылғаны - 145) мемлекеттік қызметтер көрсетілген, соның ішінде:
- Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі – 276 (берілгені - 189, бас тартылғаны - 87);
Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруге – 383 (берілгені - 342, бас тартылғаны - 41);
Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру – 4 (берілгені - 4, бас тартылғаны - 0);
І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру – 21 (берілгені - 16, бас тартылғаны - 5);
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру 52 (берілгені - 50, бас тартылғаны - 2);
- Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау қызметтерін көрсетуге лицензия беру 19 (берілгені - 9, бас тартылғаны - 10).