ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы мамандары 2025 жылдың 16-20 маусымы аралығында Жамбыл облысының 7 медициналық ұйымында, жабық үлгідегі 1 әлеуметтік мекемеде, ЖИТС облыстық орталығында және 59-шы мекемеде (колония) жұмыс мониторингін жүргізді, жұмыс орындарындағы мамандарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмектер көрсетті.
Жамбыл облысындағы туберкулезге қарсы іс-шаралардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қорытындысы бойынша 20 маусымда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.С. Назарбектің төрағалығымен аралас форматта кеңес өткізілді, кеңеске Тараз қаласының медициналық ұйымдарының басшылары офлаин режимде қатысты, ҚР ҰҒФО, ҚР ДСМ "СЭСМҒПО" филиалының басшылығы онлайн режимде қосылды.