Лицензия – жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға лицензиар беретін бірінші санаттағы рұқсат, иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып.
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 17-бабына сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсету денсаулық сақтау саласындағы қызметтің лицензияланатын түрі болып табылады.
Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер – дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау іс-шараларын жүзеге асыру, сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын дайындау және сақтау бойынша қызметтер кешені.
Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ Заңының 17 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруды бастау және кейіннен жүзеге асыру үшін жарамды рұқсатының болуы міндетті. Жеке және заңды тұлғалардың рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) тиісті рұқсатты алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде, Жамбыл облысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы дезинфекция, дезинсекция, дератизация бойынша қызметтер көрсетуге лицензиясы бар кәсіпкерлік субъектілер:
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік бұзушылықтар туралы» Кодексінің 464-баптың 1-бөлігіне сай, лицензиясыз қызметті жүзеге асырған үшін жауапкершілік көзделген.