Жұмыс орындарында оқыту туралы

Жұмыс орындарында оқыту туралы

     2025 жылғы 9-13 маусым аралығында Тараз қаласында медицина ғылымдарының кандидаты, Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері Досмұхаметов Асхат Тұрсынханұлы Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарына тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау мәселелері бойынша жұмыс орындарында оқыту жүргізе отырып, әдістемелік көмек көрсетті. Аталған іс-шараға ZOOM платформасы арқылы Жамбыл облысының СЭБД аумақтық басқармаларының және Жамбыл облысының «ҰСО» филиалының мамандарының қатысуымен жүргізілді.

     Бұл іс-шарада қоршаған ортаның химиялық факторларының әсерінен тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау мәселелері қаралды:

- жобалау құжаттамаларында ұсынылатын тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау материалдарына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуде;

- атмосфералық ауа мен ауыз судың сапасын бағалауда;

- атмосфералық ауаның ластануы мен халық денсаулығының көрсеткіштері арасында себеп-салдарлық байланыстар орнатуда.