
2025 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен 608 (берілгені - 491, бас тартылғаны - 117) мемлекеттік қызметтер көрсетілген, соның ішінде:
- Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі – 215 (берілгені - 140, бас тартылғаны - 75);
- Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруге – 312 (берілгені - 284, бас тартылғаны - 28);
- Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру – 4 (берілгені - 4, бас тартылғаны - 0);
- І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру – 11 (берілгені - 8, бас тартылғаны - 3);
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру 47 (берілгені - 46, бас тартылғаны - 1);
- Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау қызметтерін көрсетуге лицензия беру 19 (берілгені - 9, бас тартылғаны - 10).