Жамбыл облысындағы радиациялық жағдай туралы

Жамбыл облысындағы радиациялық жағдай туралы

     Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен иондаушы сәулелену көздерін қолданатын объектілердің және қоршаған ортаның радиациялық жағдайына қадағалау мен бақылау жүргізіледі.

     Мониторинг шегінде жұмыс орындарында дозиметриялық бақылау  және тағамдық азық-түліктерде, ауыз суда, жұмыс аймағының ауасында, тұрғын мен қоғамдық ғимараттарда радионуклидтерді анықтау жасалады.

     Ағымдағы  жылдың 5 айында 7 емдеу – алдын алу мекемелерінде 7 жұмыс орны тексеріліп, 692 сәулелену дозаның қуатын өлшеулер жүргізілді және 1 өнеркәсіптік кәсіпорында 1 жұмыс орны тексеріліп, 30 сәулелену дозаның қуатын өлшеулер жүргізілді, нормадан жоғарылау анықталған жоқ.

     Радиологиялық зерттеулерге ауыз суы – 110 сынама тексерілді, барлық сынамалар санитариялық талаптарға сай.

     «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы мен аудандық бөлімшелерімен күнделікті бақылау нүктелерінде дозиметриялық өлшеулер және ай сайын атмосфералық ауа мен шөгінділердің радиактивтілігіне зерттеулер жүргізіледі.

     Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мекемелері жұмысының айқындығын арттыру мақсатында өткен жылдан бастап, филиал мен бөлімшелердің радиологиялық зертханалары әр айдың екінші аптасының сәрсенбі күндері сағат 10.00-де бір мезетте халық көп шоғырланатын жерлерде дозиметриялық өлшеулер жүргізеді. Барлығы 2207 өлшеу жүргізілген, жергілікті гамма-аясының жоғарылау жағдайлары анықталған жоқ.