
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 17-бабында денсаулық сақтау саласындағы қызметті лицензиялау түрлерінің тізбесі, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызмет түрі тізбесінің белгіленгенін түсіндіреді.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 27-бабының 4) тармақшасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция, дератизация қызметтерін көрсететін кәсіпкерлік субъектілері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат алуға міндетті.
Жамбыл облысының аумағында денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция, дератизация қызметтерін көрсетуге лицензия беру жөніндегі мемлекеттік қызметті Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында, балалардың сауықтыру маусымдық лагерьлерінде дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау қызметтерін көрсетушілердің барлығында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау қызметтерін көрсетуге лицензия болуы тиіс.