Туберкулез жағдайларына талдау жасалғаны туралы

Туберкулез жағдайларына талдау жасалғаны туралы

      Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының 09.01.2025 жылғы № 8-Ө бұйрығына сәйкес 27.05.2025 жылы облыстық фтизиопульмонология орталығы базасында осы орталықтың орталықтандырылған дәрігерлік консультациялық комиссия мүшелері, мониторинг және бағалау тобы мамандары, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы, Шу, Қордай аудандарының науқастар тіркелген емханалардың емдеу ісі жөніндегі орынбасарлары, жалпы тәжірибелі дәрігерлері, фтизиатр дәрігерлері қатысуымен ағымдағы жылдың наурыз, сәуір айларында туберкулезбен ауырып тіркелген балалар жағдайларына талдаулар жүргізілді.     

      Талдаулар барысында балалардың туберкулезбен ауыру себептері, ауру тарихы, тексерілу нәтижелері, алған емдері, ошақтарда атқарылған жұмыстар зерделенді, кемшіліктер анықталып, жойылуы, кемшіліктерді жіберген қызметкерлерге шаралар қолданылуы туралы ұсыныстар берілді.