Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушының және «Ұлттық сараптама орталығының» Жамбыл облысы бойынша филиалы директорының 19.05.2025ж. №123/186-ө/238 біріккен бұйрығы негізінде Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының мәжіліс залында «Ішек инфекциясы. Вирусты гепатиттер. Тамақтан уланулар. Емі, диагностикасы, алдын алу шаралары, эпидемиялық маусымға дайындық. Ішкі және сыртқы эпидемиялық тәуекелдер» тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар (вебинар) өтті.
Семинарға (вебинар) Тараз қаласы мен аудандардың ауруханалары мен емханаларының бас дәрігерлердің орынбасарлары, инфекционистер, эпидемиологтар, жалпы тәжірибелі дәрігерлер, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары қатысты. Семинарға облыс аумақтарынан 69 жауапты медицина қызметкерлері қатысты.
Семинарда жіті ішек инфекциялары, вирусты А гепатиті, менингококк және энтеровирусты инфекциялардың алдын алуы бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар, эпидемиялық маусымға болжам мәліметтері, зертханалық қадағалау және шешілмеген мәселелер мен оларды шешу жолдары. Сыртқы және ішкі өңірлік қаупі бар инфекциялық аурулар туралы, шаралар мен ұсыныстары. Жіті ішек инфекцияларының алдын алудағы госпиталды эпидемиологтардың жұмысын ұйымдастыру. Нормативтік құқықтық талаптары. Микробиологиялық, клиникалық зертханалардың эпидемиялық маусымға дайындығы. Зертханалық зерттеу стандарттарының алгоритмдерін сақтау. Ботулизм. Тамақтан улану. Диагностикасы, этиологиясы, емдеу және ауруханаға жатқызу көрсеткіштері. Жүкті әйелдердің және балалардың ішек инфекциясына шалдығуының ерекшеліктері, диагностикасы, этиологиясы, емдеу және ауруханаға жатқызу көрсеткіштері талқыланды.