Кене энцефалиті дегеніміз не?

Кене энцефалиті дегеніміз не?

     Кене энцефалиті - кене арқылы таралатын, орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, табиғи-ошақты вирустық ауру.

     Бұл ауру Қазақстанда, әсіресе Алматы қаласы, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында эндемиялық болып табылады.​

     Аурудың белгілері: қызба, жалпы әлсіздік, бас ауруы, жүйке жүйесінің зақымдануы (менингит, менингоэнцефалит, энцефаломиелит).​

     Алдын алу шаралары:

  1. Вакцинация - ең тиімді алдын алу жолы, қауіпті аймақ тұрғындары мен сол аумақтарға жиі баратындарға ұсынылады.
  2. Жеке қорғаныс құралдары - орманға шыққанда жабық киім кию (жеңі ұзын, шалбар, бас киім), аяқ киімді шалбардың сыртына шығарып кию, кене үркітетін репелленттер қолдану.
  3. Кенеге қарсы өңдеу - демалыс аймақтарын, лагерьлерді, орман маңын арнайы дезинфекциялау.
  4. Өзін-өзі тексеру - табиғаттан кейін денені мұқият қарап шығу, кене анықталса — тез арада медициналық көмекке жүгіну.

     Ескерту: Кене энцефалиті кезінде өз бетімен емделуге болмайды! Алғашқы белгілер байқалса, дереу дәрігерге қаралу қажет.