Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 40 «Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы

Мен, Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері      Алибаева Салтанат Кордабаевна, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің                       9, 36-баптары, 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының             3) тармақшасы, 102, 104, 107-баптары негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» бұйрығы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы    20 наурыздағы № 239 «Қазақстан Республикасы аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы және Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 62 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес, Жамбыл облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуынан сақтандыру мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 27 қазандағы № 39 «Жамбыл облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-тармақтың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«22) 2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап: контингенті 300 оқушыға дейін, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға; ата-аналардың өтініші бойынша сыныптардың жинақталуын 15 баладан асырмай сақтай отырып, жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқытуға рұқсат беруді;»;

2) 1-тармақтың 43) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«43) театрлардың қызметіне рұқсат беруді (залды 50%-ға дейін толтырып, бірақ залда 100 адамнан асырмай, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын сақтай отырып);»;

3) 1-тармақтың 44) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«44) белгіленген талаптарды сақтай отырып, діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) қызметіне          рұқсат беруді; залды 30%-ға дейін толтырып, бірақ 100 адамнан          асырмай, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді,                    ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын сақтай отырып, діни объектілерде, жұма намазын қоспағанда, мешіттерде (бес намаз) ұжымдық құдайға құлшылық етуді жүргізуге рұқсат беруді;».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 40 «Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы
Дата публикации
05 ноября 2020