Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы "Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 17 қаңтардағы №1 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" № 2 ҚАУЛЫСЫ

Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫСЫ

 

 

«25» қаңтар 2022 жыл                 №2             Тараз қаласы

 

Мен, Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Шиналиев Байдилда Сейдилдаевич, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 9-бабы, 1-тармағының 4) тармақшасы, 38-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104, 107-баптары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 293/2020 "Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин режимін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы және инфекциялық аурулардың пайда болу, таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетінинфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы"бұйрығы және «Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсыіс-шараларды күшейту» және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысының негізіндеҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.«Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 17 қаңтардағы № 1 қаулысына (бұдан әрі – ЖО БМСД-ның № 1 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1.1.ЖО БМСД-ның № 1 қаулысының 1.7 тармағының 7-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

7) Санитариялық-дезинфекциялық жұмыс режиміне күнделікті мониторинг жүргізу, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуына және мониторингтік топтармен объектілерге тұрақты мониторинг жүргізу;

 

 

1.2.ЖОБМСД-ның № 1 қаулысының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

  1. Білім басқармасының басшысы, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшылары оқытуды қамтамасыз етсін:

2.1. Оқытуды:

1) мектепке дейінгі ұйымдарда – («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда) ата-аналардың өтініштері бойынша штаттық форматта;

2) жалпы білім беру мектептерінде («қызыл» аймақ):

-1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар) – штаттық форматта;

- 600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда – штаттық форматта;

- 600 оқушыдан жоғары –мектептердің жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жүктемемен штаттық форматта;

3) мектептен тыс ұйымдарда («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда) – штаттық форматта;

4) жоғары оқу орындарында және колледждерде («қызыл» аймақ) аралас форматта – практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәріс онлайн.

Білім беру ұйымдарының әкімшісінің қалауы бойынша вакцинацияның толық курсын алған мектеп оқушыларын штаттық форматта оқытуға жол беріледі.

2.2. «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысының және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етсін.

1.3.ЖОБМСД-ның № 1 қаулысының 3-қосымшада 11 - жолмынадай редакцияда жазылсын:

Объектілер/салалар

Қызыл аймақ

11.

6000 ш.м.дейінгіні қоса алғанда сауда алаңы бар сауда (азық-түлік)   желілері

+

 

1.4.ЖОБМСД-ның № 1 қаулысының 3-қосымшасындағы 12,13,15 және 31- жолдар алынып тасталсын.

2.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Жамбыл облысының

Бас мемлекеттік          

санитариялық дәрігері                                           Б.Шиналиев

 

 

 

қаулы
Дата публикации
25 января 2022