Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 14 қыркүйек 2021 жылғы "Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" №13 ҚАУЛЫСЫ

Карантиндік шектеу шаралары және оларды

кезең-кезеңімен жеңілдету туралы

ҚАУЛЫСЫ

 

 

«14» қыркүйек  2021 жыл                      № 13                                    Тараз қаласы

 

Мен, Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Муликова Неили Орынбасаровна, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы     7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 9-бабы, 1-тармағының 4) тармақшасы, 38-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104, 107-баптары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 293/2020 "Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин режимін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы және инфекциялық аурулардың пайда болу, таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығы және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары негізінде, COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасынының негізінде  Жамбыл облысы «сары аймақта» орналасқан. Жамбыл облысының тұрғындары арасында      COVID - 19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Тараз қаласының және аудандардың әкімдері, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындар, құқық қорғау және арнайы органдар, аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен "Атамекен" ӨКП басшылары (келісім бойынша) заңды және жеке тұлғаларға, меншік нысанына қарамастан, кәсіпкерлік субъектілеріне:

1)  Жамбыл облысы және Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 26 тамыздағы №37 қаулыларының талаптарын орындау;

2) Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды (жабық нысандарда), форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

3) 5 жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қоғамдық орындарда және үй-жайларда, қоғамдық көлікте бетперде кию талаптарын сақтау;

4) Жамбыл облысы аумағында жағдай тұрақталғанға дейін халықтың өмірінің ерекше жағдайларымен шаруашылық пен (немесе) басқа да  қызметтің жүргізілуіне шектеу іс-шараларын жүргізу. Осы қаулының 1, 2 - қосымшасына сәйкес (әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлері) Жамбыл облысы аумағындағы әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу қабылдансын;

5) Демалыс күндері мына нысандардың жұмысына рұқсат берілсін:

– осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарына сәйкес барлық объектілерінің жұмысына – сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларының жұмысына – сағат 02.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар). «Жасыл мәртебе» болуға қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, білім беру объектілеріне, ЖОО, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды;

6)  «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері үшін жұмыс уақытын (режимін) жұмыс күндері сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілсін;

7) Кәсіпкерлік субъектісі объектіде "Ashyq" қосымшасы бойынша "сары/қызыл" мәртебесі бар оқшаулануға жататын келушіні анықтаған кезде растайтын материалдарды ("сары/қызыл" мәртебенің скриншоты)ұсына отырып, факт туралы ұялы байланыс, электрондық пошта арқылы, сондай-ақ басқа да қолжетімді тәсілдермен хабарлайды:

- Жамбыл облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алибаева Салтанат Кордабаевна, тел: сот. +77771333088(ватсап), жұмыс: 8(7262)45-60-22, эл.пошта: s.alibaeva@dsm.gov.kz;

- Тараз қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Әбділдә Ғабит Әлімұлы, тел: сот. +77029790939(ватсап), жұмыс: 8 (7262) 34-28-30, эл.пошта: g.abdilda@dsm.gov.kz.

8) Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық жұмыс режимінің, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуына күнделікті мониторинг жүргізу және әкімдіктер жанындағы мобильдік топтардың объектілерге тұрақты тексерулер жүргізуі;

9) Қызметі рұқсат етілген объектілерде шектеу карантиндік шараларының, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылау. Бұзушылықтар анықталған кезде "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдану;

10) Әрбір рейс алдында қоғамдық көліктің, әуежайлардың, теміржол және автовокзалдардың, қоғамдық көлік аялдамаларының, жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерінің таяныштарының, спорттық снарядтардың, балалар және спорт алаңдарының, саябақтар мен скверлердің (орындықтар мен сәкілер) және басқаларға дезинфекциялау және жуу құралдарын қолдана отырып өңдеу жүргізу;

11) Қызметті жүзеге асыратын барлық объектілерде, оның ішінде көпшілік орындарында және тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерде (сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар, ХҚКО, моншалар, діни мақсаттағы, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану объектілері, вокзалдар, әуежайлар, қызмет көрсету салаларында (сұлулық салондары, ателье және басқалар) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау (қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, күніне кемінде екі рет беттерді өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету);

12) COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірде қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

13) №37 ҚР БМСДҚ-ның 1-қосымшасының алгоритміне сәйкес «Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу;

14) №37 ҚР БМСДҚ-ның 2-қосымшасының алгоритміне сәйкес «Ashyq» жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау;

15) №37 ҚР БМСДҚ-ның 3-қосымшасының алгоритміне сәйкес жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару;

16) №37 ҚР БМСДҚ-ның 5-қосымшасына сәйкес «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру өлшемшарттары бекітілсін;

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы, денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары қамтамасыз етсін:

         1) Медициналық ұйымдардың а. ж. 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы иммундау науқанын өткізуге дайындығын, оның ішінде:

- вакцинаны сақтау және тасымалдау үшін салқындату жабдығының қажетті көлемін;

- облыстың әр ауданы бойынша тұмауға қарсы вакцинациялауға жататындар санын;

- егу кабинеттерін, егу бригадаларын тұмауға қарсы вакцинациялауға және иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жағдайларда шұғыл көмек көрсетуге дайындығын;

  1. Облыстық білім басқармасы, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшылары:

1) 2021-2022 оқу жылында штаттық форматта барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 Қаулысына негізінде оқулар жүргізілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметі департаментіне:

1) 2021 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібінің талаптарына сәйкес Қордай ауданындағы "Қарасу", "Аухатты", "Сортөбе", "Қордай", Жамбыл ауданындағы "Айша бибі", Меркі ауданындағы "Сыпатай батыр"  пункттері арқылы кесіп өтуді қамтамасыз ету.

  1. Қордай, Жамбыл және Меркі аудандарының әкімдеріне:

1) ПТР зерттеудің теріс нәтижесі туралы анықтамасыз және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінің жолдамасы бойынша COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжатсыз келген Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдарды карантиндік стационарға тәулік бойы тасымалдауды қамтамасыз ету.

  1. Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасы, Тараз қаласының және аудандардың әкімдері:

1) Бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы облыс тұрғындары арасында COVID-19 инфекциясының  таралуына қарсы қосымша қабылданған шаралар туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету;

2) Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

3) Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.

  1. «Жамбыл облысы аумағында «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 28 тамыз 2021 жылғы №12 қаулының күші жойылды деп саналсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Жамбыл облысының

Бас мемлекеттік          

санитариялық дәрігерінің

орынбасары                                                                                         Н.Муликова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысының

бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №13 қаулысына 1 қосымша

 

«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары

Объектілер/салалар

Ашық көшбасшылары

Сағат 02.00-ге дейін

Сары аймақ

Сағат 00.00-ге дейін

1

 Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай

Алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын асханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

+

тәулік бойы

+

тәулік бойы

 Жазғы алаңдар

+

+

Фуд-корттар

ü

толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай

ü

толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай

Банкет залдары*

(ас беруді өткізу үшін)

ü

бір адамға кемінде 4 ш. м., 50%-дан асырмай толтырылған кезде

ü

бір адамға кемінде 4 ш. м., бірақ 50 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кезде

Банкет залдары*

(мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету)

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

2

Сауналар, моншалар

+

+

3

СПА-орталықтар

+

+

4

Бассейндер

+

+

5

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда

+

+

6

 Мәдениет объектілері (дайындық)

ü

100 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар

ü

50 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар

7

 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар

ü

50%-дан асырмай толтыру

ü

40%-дан асырмай толтыру

8

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

+

ü

75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде

9

Облысаралық және обылысішілік тұрақты тасымалдар

+

+

10

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

+

ü

75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде

11

Бильярд

ü

50%-дан асырмай толтыру

ü

50% - дан артық емес толтырылған кезде

12

Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда

ü

60%-дан асырмай толтыру

ü

50%-дан артық емес толтырылған кезде.

Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі

13

Боулинг

ü

50%-дан асырмай толтыру

ü

50%-дан артық емес толтырылған кезде

14

Караоке

ü

50%-дан асырмай, бірақ 60 адамнан асырмай толтырған кезде

ü

50%-дан асырмай, бірақ 50 адамнан асырмай толтырған кезде

15

Көрмелер

ü

бір адамға 6 ш. м. кем емес, бірақ бір уақытта 250 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде

ü

бір адамға 6 ш. м. кем емес, бірақ бір уақытта 200 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде

16

Марафондар (ашық ауада)

ü

100 адамнан артық емес

ü

50 адамнан артық емес

17

Көрермендермен спорттық іс-шаралар

ü

50%-дан артық емес толтырылған кезде

ü

30%-дан артық емес толтырылған кезде

18

Ерікті қатысушылар (киноиндустрия, ұйымдар, кеңселер және басқалар)

жеңілдіксіз

жеңілдіксіз

19

Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындары 

ü

бір адамға кемінде 4 ш.м.,бірақ  60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

ü

бір адамға кемінде 4 ш.м.,бірақ  50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

20

Алаңы 500 ш.м-ден 1000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары 

ü

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ  70 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

 

ü

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ  50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

Алаңы 1000 ш.м-ден 3000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары 

ü

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ  120 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

 

ü

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ  100 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

21

Отельдер, қонақ үйлер

+

+

22

ХҚО**

+

+

23

Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері

+

+

24

Базарлар

+

+

25

(12 жасқа дейінгі балаларды ерікті түрде тіркей отырып) балалар сауықтыру ұйымдары

+

+

26

Букмекерлік конторалар

ü

бір адамға кемінде 4ш.м.,бірақ  60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

ü

бір адамға кемінде 4ш.м., бірақ  50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

27

Cұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары (жазылу бойынша)

+

+

28

Жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал), 18 жастан асқан адамдар үшін)

+

+

29

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары

ü

70 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған

ü

50 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған

 

 

«+» - қызметіне рұқсат етілген;

 «ü« - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);

«-» - қызметіне тыйым салынған;

* - банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.

** - облыс орталықтарында сағат 9-00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен ХҚКО-ның кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі.

 

 

 

 

 

Жамбыл облысының

бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №13 қаулысына 2 қосымша

 

 «Ashyq» жобасына қатыспайтын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары

Объектілер/салалар

Сары аймақ

1.                  1

Өнеркәсіп

+

2.                  2

Құрылыс (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда)

+

3.                  3

Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы

+

4.                  5

Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер және т. б.).

+

5.                  6

Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.)

+

6.                  7

Гүл дүкендері, фотосалондар

+

7.                  8

Медициналық ұйымдар, дәріханалар

+

8.                  9

 Музейлер, кітапханалар

+

9.                  1

 Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары

+

10.              1

 Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар,  маникюр мен педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін орындар (жазылу бойынша)

+

11.               

Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер

+

12.              1

 Супермаркеттер, гипермаркеттер

+

13.              1

 Азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған)

+

14.              1

 Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес)

+

15.              1

Жабық  базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес)

+

16.               

Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақүйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.).

+

17.              1

 Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология

ü

алдын ала жазылу бойынша

18.              1

 Қоғамдық көлік

ü

(қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру)

19.              1

 Банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері

+

20.               

Мектепке дейінгі мекемелер

+

21.              2

Ұйымдар, кеңселер *(ескертуді қараңыз)

ü

50 %- қашықтықтан,     50%- күндізгі режим

22.              2

 Діни объектілер

ü

30%-дан асырмай толтырылған, бір адамға кемінде 4 ш.м. алаң қамтамасыз етілген  жағдайда

23.              2

 Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)***

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

24.              2

 Жазғы алаңдар***

ü

7-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

25.               

Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері***

+

(тәулік бойы)

26.               

Стрит-фуд (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек)

+

27.              2

Моншалар

+

28.              2

Сауналар

+

29.              2

СПА-орталықтар, бассейндер

+

30.               

Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы

+

31.              2

 Спорт кешендері, йога-орталықтарды қоса алғанда спорттық- сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар,

+

32.              2

 СОО, сауда үйлері

+

33.              3

 Мәдениет объектілері (дайындық)

ü

30 адамға дейін

34.              3

 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар

ü

толтырылуы 20%-дан артық емес

35.              3

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

ü

толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес

36.              3

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

ü

толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес

37.               

Бильярд

38.               

Компьютер клубтары

39.               

Боулинг

40.               

Цирктер

41.               

Балалардың ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар )

42.               

Ашық ауадағы аттракциондар

+

43.               

Балаларды сауықтыру ұйымдары

ü

толтырылуы 50%-дан артық емес

44.               

Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу

ü

толтырылуы 15%-дан артық емес

45.              3

Ас беру

46.               

Банкет залдары** (ескертуді қараңыз),***

47.               

Түнгі  және ойын клубтары

48.               

Караоке

49.              3

Конференциялар, форумдар, ойын-сауық, салтанатты, еске алу, отбасылық, оның ішінде үйдегі іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар

50.               

Көрмелер

51.               

Лотерея клубтары, букмекерлік конторалар

52.               

Мерекелік корпоративтер

«+» - қызметке рұқсат етілген;

 «ü« - қызметке ішінара (шектеулермен) рұқсат етілген;

«-» - қызметке тыйым салынған.

 

* - Ұйымдар, кеңселер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

** - банкет залдары мейрамханалар, дәмханалар типі бойынша ас беру және келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.

*** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі ("Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес);

 

 

Дата публикации
14 сентября 2021