Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасарының 2021 жылғы 20 тамыздағы "Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" №11 ҚАУЛЫСЫ

Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  

ҚАУЛЫСЫ

 

 

«20»   тамыз  2021 жыл                           №11                                     Тараз қаласы

 

Мен, Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Муликова Нейли Орынбасарқызы, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы     7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 9-бабы, 1-тармағының 4) тармақшасы, 38-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104, 107-баптары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 293/2020 "Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин режимін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы және инфекциялық аурулардың пайда болу, таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы " бұйрығы және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары негізінде,  2021 жылдың тамыз айының 18 күнінде коронавирустық инфекция аурушаңдығының (3175 жағдай) 2021 жылдың шілде айымен салыстырғанда (2887 жағдай) 10%-ға, инфекциялық төсек-орындармен  толтырылу көрсеткіші - 60%, инфекцияның репродуктивтік мәні (R)-1,13 өсуіне байланысты Жамбыл облысы «қызыл аймақта».

Жамбыл облысының тұрғындары арасында   COVID - 19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.«Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 9 қаулысына (бұдан әрі - №9 БМСДҚ) келесі өзгерістер мен  толықтырулар енгізілсін:

1) №9 БМСДҚ-ның 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) №9 БМСДҚ-ның 1-қосымшасындағы 41-ші тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Ашық аттракциондар» жексенбіден басқа күндері жұмыс уақытысын шектей отырып, сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді»;

3) №9 БМСДҚ-ның 1-тармағына 1.17 тармақшасы енгізілсін:

«Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алған жобаға қатысушыға мынадай жеңілдіктер беріледі:

1) «қызыл» аймақтағы жобаға қатысушылар «сары» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді;

2) тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда, жұмыскерлердің (персоналдың) кемінде 90%-ы бірінші компонентпен вакцинациялау кезінде, объектінің толтырылуы 20%-ға артады

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Жамбыл облысының

Бас мемлекеттік          

санитариялық дәрігерінің

орынбасары                                                                                              Н. Муликова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысының

бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің 2021 жылғы 20 тамыздағы

№11 қаулысына

2 қосымша

 

«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары

Нысандар/салалар

«Ashyq» көшбасшылары»

Қызыл аймақ

1.                   

 Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)*

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

Алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын асханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

+

тәулік бойы

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

 Жазғы алаңдар

ü

7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

Фуд-корттар

ü

толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 10.00-нан 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 10.00-нан 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

Банкет залдары**

(ас беруді өткізу үшін)

ü

бір адамға кемінде 4 ш. м., бірақ 50 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

тыйым салынады

Банкет залдары**

(мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету)

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

тыйым салынады

2.                   

Сауналар, моншалар

+

сағат 09.00-нан 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

3.                   

СПА-орталықтар

+

сағат 09.00-нан 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

4.                   

Бассейндер

+

сағат 09.00-нан 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

5.                   

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда

+

сағат 09.00-нан 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

6.                   

 Мәдениет объектілері (дайындық)

ü

50 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар

30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар

7.                   

 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар *

ü

40%-дан асырмай толтыру

толтыруы 30%-дан асырмай

сағат 09.00-нан 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

8.                   

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

ü

75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде

50%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде

9.                   

Облысаралық және обылысішілік тұрақты тасымалдар

+

50%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде

10.               

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

ü

75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде

50%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде

11.               

Бильярд

ü

сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 50% - дан артық емес толтырылған кезде

сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде

12.               

Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда

ü

сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 50%-дан артық емес толтырылған кезде.

Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі

сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде.

Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі

13.               

Боулинг

ü

сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 50%-дан артық емес толтырылған кезде

сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде

14.              с

Караоке

ü

50%-дан асырмай, бірақ 50 адамнан асырмай толтырған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

50%-дан асырмай, бірақ 30 адамнан асырмай толтырған кезде сағат 7.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

15.               

Көрмелер

ü

бір адамға 6 ш. м. кем емес, бірақ бір уақытта 200 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде

бір адамға 6 ш. м. кем емес, бірақ бір уақытта 150 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде

сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

16.               

Марафондар (ашық ауада)

ü

50 адамнан артық емес

 

30 адамнан артық емес

17.               

Көрермендермен спорттық іс-шаралар (ашық ауада)

ü

30%-дан артық емес толтырылған кезде

20%-дан артық емес толтырылған кезде

18.               

Ерікті қатысушылар (киноиндустрия, ұйымдар, кеңселер және басқалар)

жеңілдіксіз

жеңілдіксіз

19.               

Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындары 

ü

бір адамға кемінде 4 ш.м.,бірақ  50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен

бір адамға кемінде 4 ш.м.,бірақ  30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

20.               

Алаңы 500 ш.м-ден 1000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары 

ü

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ  50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ  30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

Алаңы 1000 ш.м-ден 3000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары 

ü

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ  100 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ  60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

21.               

Цирктер

ü

40%-дан артық емес толтырылған кезде

ü

30%-дан артық емес толтырылған кезде

22.               

Отельдер, қонақ үйлер

+

+

23.               

Әуежайлар

+

+

24.               

Теміржол вокзалдары

+

+

25.               

ХҚО

+

сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен

26.               

Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері

+

жексенбіден басқа күндері

10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

27.               

Базарлар

+

жексенбіден басқа күндері 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

28.               

(12 жасқа дейінгі балаларды ерікті түрде тіркей отырып) балалар сауықтыру ұйымдары

+

сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен

50%-дан артық емес толтырылған кезде

29.               

Букмекерлік конторалар

ü

бір адамға кемінде 4ш.м., бірақ  50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен

бір адамға кемінде 4ш.м.,бірақ  30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

30.               

Cұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары (жазылу бойынша)

+

алдын ала жазылу бойынша

сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен

31.               

Жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал), 18 жастан асқан адамдар үшін)

+

+

32.               

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары

ü

50 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған

 

ü

30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған

 

 

«+» - қызметіне рұқсат етілген;

 «ü« - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);

«-» - қызметіне тыйым салынған;

* -  толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған.

** - банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.

 

Дата публикации
20 августа 2021