Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30 шілде 2021 жылғы №9 "Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы" ҚАУЛЫСЫ

Жамбыл облысы аумағында

карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы

ҚАУЛЫ

 

" 30 " шілде  2021 жыл                            №9                                       Тараз қаласы

 

Мен, Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Шиналиев Байдилда  Сейдилдаевич, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы     7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 9-бабы, 1-тармағының 4) тармақшасы, 38-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104, 107-баптары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 293/2020 "Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин режимін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы және инфекциялық аурулардың пайда болу, таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы " бұйрығы және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары негізінде,  2021 жылдың шілдесінде коронавирустық инфекция аурушаңдығының (2221 жағдай) 2021 жылдың маусымымен салыстырғанда         (718 жағдай) 3,0 есе, инфекциялық төсек-орындармен  толтырылу көрсеткіші - 59%, инфекцияның репродуктивтік мәні (R)-1,38 өсуіне байланысты, Жамбыл облысының тұрғындары арасында   COVID - 19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Тараз қаласының және аудандардың әкімдері, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындар, құқық қорғау және арнайы органдар, аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен "Атамекен" ӨКП басшылары (келісім бойынша) заңды және жеке тұлғаларға, меншік нысанына қарамастан, кәсіпкерлік субъектілеріне:

1.1. Қазақстан Республикасы және Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындау.

1.2.Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

1.3. 5 жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қоғамдық орындарда және үй-жайларда, қоғамдық көлікте бетперде кию талаптарын сақтау;

1.4. Жамбыл облысы аумағында жағдай тұрақталғанға дейін халықтың өмірінің ерекше жағдайларымен шаруашылық пен(немесе) басқа да  қызметтің жүргізілуіне шектеу іс-шараларын жүргізу. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес (әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлері) Жамбыл облысы аумағындағы әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу қабылдансын;

1.5. Кәсіпкерлік нысандарында "Ashyq" мобильді қосымшасын енгізу. Кәсіпкерлік объектілерінде "Ashyq" мобильдік қосымшасын енгізу бойынша, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі  №33 "Кәсіпкерлік объектілерінде "Ashyq" жобасын енгізу туралы" қаулысын басшылыққа алу;

1.6. Кәсіпкерлік субъектісі объектіде "Ashyq" қосымшасы бойынша "сары/қызыл" мәртебесі бар оқшаулануға жататын келушіні анықтаған кезде растайтын материалдарды ("сары/қызыл" мәртебенің скриншоты)ұсына отырып, факт туралы ұялы байланыс, электрондық пошта арқылы, сондай-ақ басқа да қолжетімді тәсілдермен хабарлайды:

-Жамбыл облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы, тел: сот. +77760040401(ватсап), жұмыс: 8 (7262)45-78-08, эл.пошта: b.kydyrbaev@dsm.gov.kz;

- Тараз қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Әбділдә Ғабит Әлімұлы, тел: сот. +77029790939(ватсап), жұмыс: 8 (7262)34-28-30, эл.пошта: g.abdilda@dsm.gov.kz.

1.7. Жамбыл облысының аумағында "Ashyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу осы қаулының 2-қосымшасына ("Ashyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийлері) сәйкес қабылдансын;

1.8. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық жұмыс режимінің, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуына және әкімдіктер жанындағы мобильді топтарының объектілерге тұрақты тексерулер жүргізуіне күнделікті мониторинг жүргізу; шектеу карантиндік шараларының, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын қызметі рұқсат етілген объектілерде бақылау. Бұзушылықтар анықталған кезде "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдану;

1.9. Әрбір рейс алдында қоғамдық көліктің, әуежайлардың, теміржол және автовокзалдардың, қоғамдық көлік аялдамаларының, жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерінің таяныштарының, спорттық снарядтардың, балалар және спорт алаңдарының, саябақтар мен скверлердің (орындықтар мен сәкілер) және басқаларға дезинфекциялау және жуу құралдарын қолдана отырып өңдеу жүргізу;

1.10. Қызметті жүзеге асыратын барлық объектілерде, оның ішінде көпшілік орындарында және тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерде (сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар, ХҚКО, моншалар, діни мақсаттағы, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану объектілері, вокзалдар, әуежайлар, қызмет көрсету салаларында (сұлулық салондары, ателье және басқалар) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау (қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, күніне кемінде екі рет беттерді өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету);

1.11. COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірде қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметі департаментіне:

2.1. 2021 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібінің талаптарына сәйкес Қордай ауданындағы "Қарасу", "Аухатты", "Сортөбе", "Қордай", Жамбыл ауданындағы "Айша бибі", Меркі ауданындағы "Сыпатай батыр"  пункттері арқылы кесіп өтуді қамтамасыз ету.

  1. Қордай, Жамбыл және Меркі аудандарының әкімдеріне:

3.1. ПТР зерттеудің теріс нәтижесі туралы анықтамасыз және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінің жолдамасы бойынша COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжатсыз келген Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдарды карантиндік стационарға тәулік бойы тасымалдауды қамтамасыз ету.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы мен меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың басшыларына:

4.1. Медициналық ұйымдардың коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды қабылдауға және диагностикалауға дайындығын қамтамасыз ету (қосымша және резервтік төсектер, кадрлар, тест-жүйелер) ;

4.2. Денсаулық сақтау объектілерін қайта бейіндеу кезінде аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен келісуді қамтамасыз ету;

4.3. Егу пункттерінің дайындығын, тоңазытқыштар мен термоконтейнерлердің жеткілікті санын, иммундық-биологиялық препараттарды тасымалдау, сақтау және пайдалану кезінде "суықтық тізбегін" сақтауды қамтамасыз ету;

4.4. Вакцинация жүргізу кезінде санитариялық-профилактикалық және санитариялық - эпидемияға қарсы іс-шаралардың (әлеуметтік қашықтық, маскалық режим, дезинфекциялық режим, желдету режимі және басқалар) сақталуын қамтамасыз ету;

4.5. Департаментке күнделікті деректерді электрондық пошта g.zhumashova@dsm.gov.kz. арқылы ұсына отырып, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдерді есепке алуды қамтамасыз ету.

  1. Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасы, Тараз қаласының және аудандардың әкімдері:

5.1. Бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы облыс тұрғындары арасында COVID-19 инфекциясының  таралуына қарсы қосымша қабылданған шаралар туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету;

5.2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

5.3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.

  1. Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыларының күші жойылды деп саналсын:

1) " Шектеу карантиндік шараларын қатаңдату туралы " 2021 жылғы 5 шілдедегі

№ 7 қаулысы;

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы 2021 жылғы 3 тамызда сағат 00:00-де күшіне енеді.

 

 

 

Жамбыл облысының

Бас мемлекеттік          

санитариялық дәрігері                                                                              Б. Шиналиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысының

бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 шілдедегі №8 қаулысына

1 қосымша

 

 

Әлеуметтік –экономикалық объектілердің жұмысын шектеу шарттары

 

нысандар/салалар

 

1.                   

Өнеркәсіп

+

2.                   

Құрылыс (тұрмыстық жағдайда байланыс болмағанда)

+

3.                   

Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы

+

4.                   

Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерлерді, аяқ киімдерді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызметтер және т.б.).

+

5.                   

Туристік компаниялар, бизнес орталықтар (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.)

+

6.                   

Гүл дүкендері, фотосалондар

+

7.                   

Медициналық ұйымдар, дәріханалар

+

8.                   

Мұражайлар, кітапханалар

+

9.                   

Балалар түзету кабинеттері, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары

топты толтыру кезінде-15 адамнан артық емес, алдын ала жазылу бойынша

ü

топты толтыру кезінде15 адамнан артық емес, алдын ала жазылу бойынша

10.               

Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін маникюр және педикюр қызметтері (жазба бойынша).

алдын ала жазылу бойынша

ü

алдын ала жазылу бойынша

11.               

Азық-түлік дүкендері, минимаркеттер

+

12.               

Супермаркеттер, гипермаркеттер

+

13.               

Азық-түлік емес дүкендер (бөлек тұрған)

ü

ауданы 2000 ш. м. дейін

 

14.               

Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес)

 

ü

 жексенбі

 күндерінен басқа

15.               

Жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес).

 

ü

Сенбі, жексенбі

 күндерінен басқа

16.               

Халыққа қызмет көрсету ұйымдары (қонақүй, санатория- курорттық ұйымдар, демалыс үйлері, туристтік базалар және т.б.)

ü

толтырылған кезде

 80 пайыздан артық емес

17.               

Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология

ü

алдын ала жазылу бойынша

18.               

Қоғамдық көлік

ü

жексенбі   күні тыйым салынады

19.               

Банктер, ХҚКО, «Қазпошта»АҚ бөлімшелері

ü

         уақыт бойынша

         шектеу 9.00.-18.00.дейін

20.               

Мектепке дейінгі мекемелер

ü

кезекші топтарда 15 адамнан аспайтын топтың жинақталуын сақтаған кезде

21.               

Ұйымдар, кеңселер

ü

80% - қашықтағы режим;

20% - күндізгі режим

22.               

Діни нысандар

ü

ұжымдық іс-шаралар өткізбей

23.               

 

Қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) мейрамхана, кафе және кофеханалар типі бойынша.

 

ü

толтырылуы 50% - ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын 9.00-ден 20.00-ге  дейін жұмыс істеуге рұқсат

24.               

Жазғы алаңдар

 

ü

толтырылуы 50% - ға дейін, жұмыс істеуге рұқсат сағат 9.00.-ден 20.00-ге дейін

25.               

Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтандыру объектілері

ü

толтырылуы 50% - ға дейін, сағат 09.00 ден 20.00-ге дейін

26.               

Стрит-фуд (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек) +

+

27.               

Монша

ü

толтырылуы 80% - ға дейін, сағат 09.00 дан 20.00-ге дейін

28.               

Сауналар

ü

сенбі,

жексенбі күндерінен басқа

сағат 09.00 дан 20.00-ге дейін

29.               

СПА орталықтары, бассейндер

ü

сенбі,

            жексенбі күндерінен басқа

             сағат 09.00 дан 20.00-ге дейін

30.               

Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустар) қозғалысы

-

31.               

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес орталықтар, оның ішінде йога орталықтары

ü

сенбі, жексенбі күндерінен басқа

09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат,

 

32.               

СОО, сауда үйлері, сауда желілері

ü

сенбі, жексенбі күндерінен басқа

09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат,

 

33.               

Мәдениет объектілері (дайындық)

-

34.               

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар

-

35.               

Облысаралық тұрақты емес (туристтік) тасымалдар

-

36.               

Қалалық тұрақты емес (туристтік) тасымалдар

-

37.               

Бильярд клубтары

-

38.               

Компьютерлік клубтар

-

39.               

Боулинг

-

40.               

Балалар ойын- сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар)

-

41.               

Ашық аттракциондар

жексенбі күндерінен басқа

сағат 09.00 дан 20.00-ге дейін

 

42.               

Балаларды сауықтыру ұйымдары

толымдылығы 30 пайыздан артық емес

43.               

Көрермендермен спорттық іс-шаралар өткізу

-

44.               

Еске алуды өткізу

-

45.               

Банкет залдары

-

46.               

Түнгі және ойын клубтары

-

47.               

Караоке

-

48.               

Ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шаралар

-

49.               

Көрмелер

-

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысының

бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 шілдедегі №8 қаулысына

2 қосымша

 

 

"Ashyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу шарттары

 

Объектілер / салалар

 

1

Қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) мейрамхана, кафе және кофеханалар типі бойынша

ü

50% - ға дейін толтырылған кезде 7.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат , 50 орыннан артық емес

 

Жазғы алаңдар

ü

50% - ға дейін толтырылған кезде 7.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

Фуд-корттар

ü

бірақ 30 орыннан аспайтын, сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

 

Банкет залдары

(еске алуды өткізу)

 

-

Банкет залдары

(мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету).

      -

 

2

Сауналар

7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

3

СПА-орталықтар

7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

4

Бассейндер

7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

5

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтар

7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

6

Мәдениет объектілері (дайындық)

ü

30 адамға дейін, сондай-ақ екі  компонентімен вакцинацияланған тұлғалар

7

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар

7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат , толымдылығы 30% - дан аспайтын

8

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

толымдылығы 50% - дан аспайтын

9

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

толымдылығы 50% - дан аспайтын

10

Бильярд клубтары

ü

жұмыс режимі сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін 30% - дан артық емес толтырылған кезде.

11

Компьютерлік клубтар, соның ішінде PlayStation клубтары

ü

жұмыс режимі сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін 30% - дан артық емес толтырылған кезде.

12 жасқа толған және одан асқан адамдарға ғана рұқсат етіледі

 

12

Боулинг

ü

жұмыс режимі сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін 30% - дан артық емес толтырылған кезде.

13

Караоке

ü

толтырылуы 50% - дан аспайтын, бірақ 30 адамнан аспайтын 12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

14

Көрмелер

ü

бір адамға 6 ш. м. кем емес, бірақ бір уақытта 150 келушіден артық емес алаңды қамтамасыз ету кезінде толымдылығы 70% артық емес

15

Марафондар (ашық ауада)

-

16

көрермендермен спорттық іс-шаралар өткізу

-

17

Ерікті қатысушылар (ЖОО, киноиндустрия, банктер, ұйымдар, офистер және басқалар)

жеңілдіксіз

18

Лотерея клубтары және лотереяны өткізудің өзге де нүктелері

ü

бір адамға кемінде 4 ш. м., бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету кезінде,

12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

19

Балалар ойын-сауық орталықтары (жабық), ауданы 1000 ш. м.

ü

бір адамға кемінде 10 ш. м., бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету кезінде,

10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

Балалар ойын-сауық орталықтары (жабық), ауданы 1000 ш. м. және одан жоғары

ü

бір адамға кемінде 10 ш. м., бірақ 60 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету кезінде,

10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

20

Отельдер, қонақ үйлер

+

21

ХҚКО

10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

 

 

«+» - қызметіне рұқсат етілген;

 «ü« - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);

«-» - қызметіне тыйым салынған;

Дата публикации
30 июля 2021