Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 мамырдағы "Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" №5 ҚАУЛЫСЫ

Карантиндік шектеу шаралары және оларды

кезең-кезеңімен жеңілдету туралы

ҚАУЛЫ

 

2021 жылғы « 25 » мамыр                      №5                                             Тараз қаласы

 

 

Мен, Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Шиналиев Байділдә Сейділдаұлы, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 9-бабының, 1-тармағының 4) тармақшасының, 2-тармағының      3) тармақшасының, 102, 104, 107-баптарының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы "Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин режимін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығы негізінде және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары, Жамбыл облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып және COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы негізінде Жамбыл облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Тараз қаласының, аудандардың әкімдері, мемлекеттік органдары, құқық қорғау және арнайы органдары, аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының және "Атамекен" ӨКП басшылары (келісім бойынша) қамтамасыз етсін:

1.1. Қазақстан Республикасы және Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындау. Жамбыл облысының аумағында Қазақстан Республикасы және Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларын басшылыққа алу;

1.2. Тараз қаласын қоспағанда, Жамбыл облысы аумағындағы әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес (әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлері) "Жасыл" аймақ өлшемшарттары негізінде қабылдансын;

1.3.  Жағдай тұрақталғанға дейін Тараз қаласының аумағындағы шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің және халықтың өмірінің ерекше жағдайларымен шектеу іс-шараларын жүргізу. Тараз қаласының аумағындағы әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу осы қаулының 1-қосымшасына (әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлері) сәйкес "сары" аймақ өлшем шарттары негізінде қабылдансын;

1.4.  Эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда шектеу шараларын қатаңдату   5 күн ішінде ("жасыл" аймақтан "сарыға" немесе "сары" аймақтан "қызылға" өту), карантиндік шараларды жеңілдету "сары" аймаққа "қызылдан" немесе "жасыл" аймаққа "сары" аймақтан ауысқаннан кейін 7 күннен ерте емес жүргізіледі»;

1.5.  Кәсіпкерлік нысандарында "Ashyq" мобильді қосымшасын енгізу. Кәсіпкерлік объектілерінде "Ashyq" мобильдік қосымшасын енгізуде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы                    22 мамырдағы "Кәсіпкерлік объектілерінде "Ashyq" мобильдік қосымшасын енгізу туралы " № 22 қаулысын басшылыққа алу»;

1.6. Кәсіпкерлік субъектісі объектіде "Ashyq" қосымшасы бойынша "сары/қызыл" мәртебесі бар оқшаулануға жататын келушіні анықтаған жағдайда растайтын материалдарды ("сары/қызыл" мәртебенің скриншоты) ұсына отырып, ұялы байланыс, электрондық пошта арқылы, сондай-ақ басқа да қолжетімді тәсілдермен хабарлайды/хабарлайды:

- Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшысының орынбасары Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы, тел: ұялы +77760040401(ватсап), жұмыс: 8(7262)45-78-08, эл.пошта: b.kydyrbaev@dsm.gov.kz;

- Тараз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысының орынбасары Әбділдә Ғабит Әлімұлы,  тел: ұялы +77029790939 (ватсап), жұмыс: 8(7262)34-28-30, эл.пошта: g.abdilda@dsm.gov.kz.

1.7. Тараз қаласын қоспағанда, Жамбыл облысының аумағында "Ashyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеулер осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ("Ashyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийлері) "Жасыл" аймақ өлшем шарттары негізінде қабылдансын;

1.8. Тараз қаласының аумағында "Ashyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшем шарттары осы қаулының         2-қосымшасына сәйкес ("Ashyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийлері) "сары" аймақ өлшем шарттары негізінде қабылдансын;

1.9. Әкімдіктер жанындағы мониторингтік топтарының күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық жұмыс режимінің, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуына күн сайын мониторинг жүргізу және объектілерге тұрақты тексерулер жүргізу: қызметі рұқсат етілген объектілерде шектеу карантиндік шараларының, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылау. Бұзушылықтар анықталған жағдайда "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы                  5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдану»;

1.10. Әрбір рейс алдында қоғамдық көліктің, әуежайлардың, теміржол және автовокзалдардың, қоғамдық көлік аялдамалардың, жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерінің таяныштарының, спорттық снарядтардың, балалар және спорт алаңдарының, саяжайлар мен алаңшалар (орыншалар мен орындықтардың) және басқалардың жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеу жүргізу;

1.11.  Қызметті жүзеге асыратын барлық объектілерде, оның ішінде жаппай болатын және тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерде (сауда, ойын-сауық орталықтары, базарлар, ХҚКО, моншалар, діни мақсаттағы, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану объектілері, вокзалдар, әуежайлар, қызмет көрсету салаларында (сұлулық салондары, ательелер және т. б.) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау (қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып күніне кемінде екі рет ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу);

1.12.  Халықты COVID-19 таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірде қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар ету, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

  1. Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасы, Тараз қаласының және аудандардың әкімдеріне:

2.1. Бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы қосымша қабылданған шаралар туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз етсін;

2.2.  Облыс тұрғындары арасында COVID-19 таралуына қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық сүйемелдеу жүргізу;

  1. Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің "Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" 2021 жылғы 14 мамырдағы №4 қаулысының күші жойылды деп танылсын;
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы қаулы 2021 жылғы 27 мамырда сағат 00:00-де күшіне енеді.

 

 

Жамбыл облысының

Бас мемлекеттік

санитарлық дәрігер                                                                             Б. Шиналиев

 

                                                      Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

                                                                                                         2021 жылғы «25» мамырдағы №5                          

                                                                                       қаулысына 1-қосымша

 

Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары

 

Объектілер/салалар

Қызыл аймақ

Сары аймақ

Жасыл аймақ

1.                  1

Өнеркәсіп

+

+

+

2.                  2

Құрылыс (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда)

+

+

+

3.                  3

Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы

+

+

+

4.                  5

Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер және т. б.).

+

+

+

5.                  6

Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.)

+

+

+

6.                  7

Гүл дүкендері, фотосалондар

+

+

+

7.                  8

Медициналық ұйымдар, дәріханалар

+

+

+

8.                  9

 Музейлер, кітапханалар

+

+

+

9.                  1

Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер

+

+

+

10.              1

 Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары

ü

топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша

ü

топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша

+

11.              1

 Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар,  маникюр мен педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін орындар (жазылу бойынша)

ü

алдын ала жазылу бойынша

+

+

12.              1

 Супермаркеттер, гипермаркеттер

+

+

+

13.              1

 Азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған)

ü

Алаңы 2000 ш.м дейін

+

+

14.              1

 Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес)

ü

(жексенбіден басқа)

+

+

15.              1

Жабық  базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес)

ü

(сенбі, жексенбіден басқа)

+

+

16.               

Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.).

ü

80%-дан асырмай толтырғанда

+

+

17.              1

 Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология

ü

алдын ала жазылу бойынша

ü

алдын ала жазылу бойынша

ü

алдын ала жазылу бойынша

18.              1

 Қоғамдық көлік

ü

(қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру)

ü

(қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру)

ü

(қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру)

19.              1

 Банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері

ü

уақыт бойынша 9.00-ден 18.00-ге дейін шектеумен

ü

уақыт бойынша 9.00-ден 18.00-ге дейін шектеумен

+

20.               

Мектепке дейінгі мекемелер

ü

кезекші топтар 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтауды сақтаған кезде

ü

кезекші топтар 25 адамнан аспайтын топтарды жинақтауды сақтаған кезде

+

топтарды біріктіре отырып, іс-шаралар жүргізбей, ата-аналар мен бірге жүретін адамдарды кіргізбей, жұмыс істеуге рұқсат беру

21.              2

Ұйымдар, офистер*(ескерту)

ü

80 %- қашықтықтан,   20%- күндізгі режим

ü

50 %- қашықтықтан,     50%- күндізгі режим

ü

30 %- қашықтықтан, 70%- күндізгі режим

22.              2

 Діни объектілер

ü

Жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шараларды өткізбей

 

ü

Жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шараларды өткізбей

ü

 30%-дан асырмай толтыру, бір  адамға 4 ш.м алаңды қамтамасыз ету

23.              2

 Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 9-дан 20-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 2.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

24.              2

 Жазғы алаңдар

 

ü

9-дан 20-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

7-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

сағат 7-ден 2.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

25.               

Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері

24.00-ге дейін

+

(тәулік бойы)

+

(тәулік бойы)

26.               

Стрит-фуд (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек)

+

+

+

27.              2

Моншалар

+

+

+

28.              2

Сауналар СПА-орталықтар, бассейндер

ü

(сенбі, жексенбіден басқа)

ü

(жексенбіден басқа)

+

29.              2

СПА-орталықтар, бассейндер

ü

(сенбі, жексенбіден басқа)

+

+

30.               

Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы

+

+

31.              2

 Спорт кешендері, спорттық- сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда

ü

(сенбі, жексенбіден басқа)

+

+

32.              2

 СОО, сауда үйлері, сауда желілері

ü

(сенбі, жексенбіден басқа)

+

+

33.              3

 Мәдениет объектілері (дайындық)

ü

30 адамға дейін

ü

50 адамға дейін

34.              3

 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар

ü

толтырылуы 20%-дан артық емес

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес

35.              3

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

ü

толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес

ü

толтырылуы 75%, бірақ 25 адамнан артық емес

36.              3

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

ü

толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес

ü

толтырылуы 75%, бірақ 25 адамнан артық емес

37.               

Бильярд

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес

38.               

Компьютерлік клубтар

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес

39.               

Боулинг

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес

40.               

Балалардың ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар )

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес

41.               

Ашық ауадағы аттракциондар

+

+

+

42.               

Балаларды сауықтыру ұйымдары

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес

ü

толтырылуы 50%-дан артық емес

+

43.               

Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу

ü

толтырылуы 15%-дан артық емес

ü

толтырылуы 20%-дан артық емес

44.              3

Ас беру

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес

45.               

Банкет залдары

ü

30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан асырмай толтырып, ас беруді өткізу үшін ғана жұмыс істеуге рұқсат беру

46.               

Түнгі  және ойын клубтары

47.               

Караоке

48.              3

Ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шаралар

49.               

Көрмелер

 

 

٭- Ұйымдар, офистер қызметкерлерін COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық ара қатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте соңғы 6 ай ішінде COVID-19 ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және COVID-19 мен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

 

«+» - қызметіне рұқсат етілген;

 «ü» - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);

«-» - қызметіне тиым салынған.

 

 

 

 

Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

                                                                                                          2021 жылғы «25» мамырдағы № 5                                                                    

                                                                                       қаулысына 2-қосымша

 

 

«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшем шарттары

Объектілер/салалар

Қызыл аймақ

Сары аймақ

Жасыл аймақ

1.                 

 Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

 Жазғы алаңдар

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

 

+

Фуд-корттар

ü

толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 10.00-нан 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 10.00-нан 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 10.00-нан 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

Банкет залдары**

(ас беруді өткізу үшін)

ü

бір адамға кемінде 4 ш. м., бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кездесағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

бір адамға кемінде 4 ш. м., бірақ 50 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кездесағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

 

ü

бір адамға кемінде 4 ш. м., бірақ 70 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 50%-дан асырмай толтырылған кездесағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

Банкет залдары**

(мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету)

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

2.                 

Сауналар

+

+

+

3.                 

СПА-орталықтар

+

+

+

4.                 

Бассейндер

+

+

+

5.                 

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда

+

+

+

6.                 

Мәдениет объектілері (дайындық)

ü

30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар

ü

50 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар

ü

100 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар

7.                 

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар *

ü

30%-дан асырмай толтыру

ü

40%-дан асырмай толтыру

ü

50%-дан асырмай толтыру

8.                 

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

ü

75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде

ü

75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде

+

9.                 

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

ü

75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде

ü

75%-дан асырмай, бірақ25 адамнан артық емес толтырылған кезде

+

10.            

Бильярд

ü

сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде

ü

сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 50% - дан артық емес толтырылған кезде

ü

50%-дан асырмай толтыру

11.            

Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда

ü

сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде.

Тек 16 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі

ü

сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 50%-дан артық емес толтырылған кезде.

Тек 16 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі

ü

60%-дан асырмай толтыру

12.            

Боулинг

ü

сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде

ü

сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 50%-дан артық емес толтырылған кезде

ü

50%-дан асырмай толтыру

13.           с

Караоке

ü

50%-дан асырмай, бірақ 30 адамнан асырмай толтырған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

50%-дан асырмай, бірақ50 адамнан асырмай толтырған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

50%-дан асырмай, бірақ 60 адамнан асырмай толтырған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

14.            

Көрмелер

ü

бір адамға 6 ш. м. кем емес, бірақ бір уақытта 150 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде

ü

бір адамға 6 ш. м. кем емес, бірақ бір уақытта 200 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде

ü

бір адамға 6 ш. м. кем емес, бірақ бір уақытта 250 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде

15.            

Марафондар (ашық ауада)

ü

30 адамнан артық емес

ü

50 адамнан артық емес

ü

100 адамнан артық емес

16.            

Көрермендермен спорттық іс-шаралар

ü

20%-дан артық емес толтырылған кезде

ü

30%-дан артық емес толтырылған кезде

ü

50%-дан артық емес толтырылған кезде

17.            

Ерікті қатысушылар (ЖОО, киноиндустрия, банктер, ұйымдар, офистер және басқалар)

жеңілдіксіз

жеңілдіксіз

жеңілдіксіз

18.            

Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындары 

ü

бір адамға кемінде 4 ш.м.,бірақ  30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

ü

бір адамға кемінде 4 ш.м.,бірақ  50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

ü

бір адамға кемінде 4 ш.м.,бірақ  60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

 

«+» - қызметіне рұқсат етілген;

«ü« - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);

«-» - қызметіне тыйым салынған;

* -  толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған.

** - банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.

 

 

Дата публикации
25 мая 2021