Семинар-кеңес

Семинар-кеңес
Шығыс Қазақстан облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Дырымбаева Б.К. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті және басқа да мүдделі ведомстволардың мамандарымен бірлесе отырып өңірдегі демалыс ұйымдарының басшыларына арналған кеңейтілген семинар-кеңес өткізілді. Тақырыбы: «Жазғы сауықтыру ұйымдарында санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету туралы».
Семинар-кеңесте сауықтыру лагерьлерін жазғы маусымға пайдалануға сапалы дайындау мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ жазғы сауықтыру ұйымдарында балалардың қауіпсіз демалысын, сауықтыруын, тамақтануын, медициналық қызмет көрсетуін ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланды.
Семинар-кеңес барысында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптары түсіндірілді.