Семинар

Семинар
2025 жылғы 25 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Чидербаев А.К. қатысуымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 15 қаңтардағы №7 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының 2.8-тармағын іске асыру шеңберінде құрылымдық және аумақтық бөлімшелермен бірге семинар-кеңес өткізілді. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының өкілі де қатысты.
Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ұйымдардың қызметіне тартудың алдын алу.
Семинар барысында деструктивті діни ағымдардың қауіп қатері және оның алдын алу мәселелері талқыланды.
Кеңес соңында қатысушылардың туындаған сұрақтарына түсініктемелер берілді.ч