ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының туберкулезге қарсы іс-шараларды іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Департамент басшысының м.а. С.Слямғазина 2025ж. 1 тоқсанында туберкулез ошақтарында жүргізілген профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша, қарым-қатынаста болғандар арасында тіркелген аурушаңдық бойынша баяндама жасады.
Сонымен қатар, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылындағы туберкулез бойынша күрделі эпидемиологиялық ахуал бойынша ақпарат берілді.
Аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Б.Ашимханова Тарбағатай ауданы Қарасу ауылында туберкулез аурушаңдығының өршуіне жол бермеу мақсатында жүргізілген іс -шаралар бойынша баяндама жасады.
Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша хаттамалық шешім қабылданды.