Тарбағатай ауданы Қарасу ауылының тұрғындары арасында туберкулез аурушаңдығының күрделі эпидемиологиялық ахуалы бойынша Департаменттің аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Б.Ашимханова Шығыс Қазақстан облыстық фтизиопульмонология орталығының туберкулезге қарсы мониторинг және бағалау тобының мамандарымен бірлесіп 14.04.24ж.-16.04.2024ж. аралығында Карасу ауылында туберкулез аурушаңдығының өршуіне жол бермеу мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылып жүргізілді.
Іс-сапар барысында:
- 14.04.2024ж. Тарбағатай ауданының әкімі Д.Жоргекбаевпен кездесіп, Қарасу ауылындағы туберкулез аурушаңдығы бойынша күрделі эпидемиологиялық жағдай туралы және эпидемияға қарсы іс- жаралар жүргізілу қажеттілігі туралы айтылды;
- аудан әкімінің атына тексеруге жататын Қарасу ауыл тұрғындарын туберкулезге тексеруден өткізу қажеттілігі туралы айтылып, 14.04.2025ж. күні шығ.№ 08-18/133 хат жолданды;
- “Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 69 бұйрығының (бұдан әрі-Қағидалар) талаптарына сәйкес инфекцияның көзін анықтау мақсатында тергеп-тексеру жүргізілді;
- анықталған бұзушылықтар бойынша Тарбағатай аудандық ауруханасы және Қарасу ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жауапты медициналық қызметкерлері ҚР Әкімшілік Кодексінің 425 бабының 1 тармағы бойынша экімшілік жауапқа тартылды, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу бойынша Қаулы берілді;
- ауыл тұрғындары, сонымен қатар мектеп ұжымы мен ата-аналар арасында санитарлық ағарту жұмыстары жүргізілді;
- туберкулез жағдайлары тіркелген ошақ тексеріліп, отбасы мүшелерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді;
- Тарбағатай ауданының медицина қызметкерлерімен туберкулез аурушаңдығын ерте анықтау, диагностикалық тексеруден өткізу, алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша оқыту жүргізіліп, 13 дәрігер және 21 орта буынды медициналық қызметкерлер дайындалды.