Оқушыларға тиімді тамақ ұйымдастыру бойынша семинар-кеңес отырысы

Оқушыларға тиімді  тамақ ұйымдастыру бойынша семинар-кеңес отырысы

Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні білім ұйымдарының басшыларының, медицина қызметкерлерінің, тамақ ұйымдастрыу бойынша қызмет ұсынушыларының қатысуымен Шығыс-Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбиелеу бөлімінің қызметкерлері Денсаулық сақтау және білім басқармалалары қызметкерлерімен бірлесе отырып кеңейтілген семинар-кеңес өткізілді.
Семинар кеңес барысында оқушыларға тиімді, қауіпсіз тамақ ұйымдастырудағы өзекті мәселелер, медициналық бақылау, тамақтан улану, топтық жұқпалы аурушаңдықтың алдын-алу туралысұрақтар талқыланды.
Семинар-кеңес барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптары түсіндірілді.
Семинар-кеңеске қатысушылардың көптеген сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.