Өскемен қаласының гемодиализ орталықтарына бару туралы .

Өскемен қаласының гемодиализ орталықтарына бару туралы .

2022 жылғы 13 наурызда Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары облыстың денсаулық сақтау басқармасының, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдерінің және штаттан тыс бас нефрологтың қатысуымен гемодиализ алатын пациенттермен кездесулер өткізді.

Облыс бойынша Департаменттің бақылауында барлығы 6 диализдік көмек көрсететін медициналық ұйым бар, оның ішінде: "ШҚО мамандандырылған медициналық орталығы" КМК мекемесіндегі гемодиализ орталығы Абай даңғылы,18, Өскемен қаласы, "Fresenius Medical Care Kazakhstan" ЖШС, М. Тынышпаев көшесі,133, Өскемен қаласы, "Nephrolife" ЖШС, Чехов көшесі,22 Өскемен қ., Өскемен қ. Өтепов к-сі,37 мекенжайындағы "BB Nura Oskemen" ЖШС амбулаториялық диализ орталығы, Алтай және Зайсан қалаларындағы"BB Nura" ЖШС филиалдары.

Гемодиализ пациенттерімен кездесу барысында медициналық көмек алу, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы талаптарды сақтау бойынша проблемалық мәселелері талқыланды.