Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ: Микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге жарияланған мораторий                        (ҚР Президентінің Жарлығымен) жағдайында мектеп асханаларында оқушылардың тамақтану сапасын бақылауды кім жүргізеді? Мектеп асханаларын кәсіпкерлер жалға алатыны туралы бәріне белгілі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық ережелерін  бекіту туралы № ҚР ДСМ-76  бұйрығына сәйкес оқушылардың ата-аналары өздері тамақтану сапасын бағалау жөніндегі бракераждық комиссияның құрамына қатыса отырып, мектептерде балалардың тамақтануын ұйымдастыру мен сапасын бақылауды жүзеге асыруға құқылы. Медицина қызметкерін, әкімшіліктің, өндіріс меңгерушісін және ата-аналар комитетінің өкілін міндетті түрде қоса отырып, объект басшысының бұйрығымен бракераж құрамы айқындалады.

Сондай-ақ, білім беру объектісінің медицина қызметкері күн сайын дайын өнімге органолептикалық бағалау, әкелінетін шикі өнімнің (сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар) сапасын, ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақталуына бақылау жүргізеді.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер микробиологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша дайын өнімнің сапасына  және сыртқы орта объектілерін жуу және өңдеу сапасына өндірістік бақылауды тоқсан сайын жүзеге асыруға міндетті.

Өндірістік бақылау – белгіленген талаптардың сақталуына өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және жүргізу жолымен өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамту бойынша іс-шаралар кешені болып табылады