Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ: Қандай міндетті медициналық қарап-тексерулер болады?

Жауап:Міндетті медициналық қарап-тексерулер мыналарға бөлінеді:

1) алдын ала,

2) мерзімдік,

3) ауысым алдындағы (рейс алдындағы),

4) ауысымнан кейінгі (рейстен кейінгі).

Міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер – жұмысқа тұру немесе оқуға түсу кезінде мына мақсаттарда жүргізіледі:

- кәсібі немесе оқу бойынша міндеттерді орындауға жарамдылығын анықтау,

- жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау.

Азаматтар жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс берушінің жергілікті актілерінде белгіленген мерзімде алдын ала медициналық қарап-тексеруден өтеді.

Азаматтар шарт жасалған емханада не ол болмаған кезде - олар тіркелген медициналық мекемелерде куәландырудан өте алады.

Міндетті мерзімді медициналық қарап-тексерулер мына мақсаттарда жүргізіледі:

- жұмыс істейтіндердің денсаулық жағдайын динамикалық бақылауды қамтамасыз ету,

- аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау,

- жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау.

Міндетті ауысым алдындағы (рейс алдындағы) медициналық қарап-тексеру мына мақсаттарда жүргізіледі:

- жеке тұлғада ауруды анықтау немесе барын немесе жоқтығын растау,

- денсаулық жағдайын анықтау,

- еңбекке уақытша жарамсыздықты анықтау,

- жұмысқа түсетін ауысымда (рейс) кәсіптік жарамдылығын, оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуды немесе осындай тұтынудың қалдық көріністерін анықтау.

 Ауысымнан кейінгі (рейстен кейінгі) медициналық қарап-тексерулерлер жұмыс күні (ауысым, рейс) аяқталғаннан кейін төмендегі мақсатпен жүргізіледі:

- жұмыс ортасы мен еңбек процесінің зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларының жұмыскерлердің денсаулық жағдайына әсер ету белгілерін анықтау,

- жіті кәсіптік ауруды немесе улануды анықтау,

- алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуды немесе осындай тұтынудың қалдық көріністерін анықтау.