Сұрақ: Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу кезінде дәрігерлік комиссияның құрамына кім кіреді?
Жауап:Дәрігерлік комиссияның құрамына кәсіптік патология бойынша даярлықтан өткен мынадай медицина қызметкерлері кіреді:терапевт,хирург,невропатолог,оториноларинголог,офтальмолог,дерматовенеролог,гинеколог,рентгенолог, функционалдық диагностика жөніндегі дәрігер,дәрігер-зертханашы
Дәрігерлік комиссияның төрағасы кәсіптік патология бойынша кәсіптік қайта даярлаудан өткен және маман (кәсіптік патолог) сертификаты бар дәрігер-кәсіптік патолог болып табылады.
Дәрігерлік комиссияның жұмысына кәсіптік патология бойынша даярлықтан өткен басқа да мамандар (стоматолог, кардиолог, аллерголог, эндокринолог, фтизиатр, гематолог) тартылады.
Медициналық қарап-тексерулерге қатысатын медицина қызметкерлері жұмыс беруші ұсынған өндірістік факторлар сипаттамасымен және жұмыскерлердің еңбек жағдайларымен танысады.