Жүзуге арналған бассейнді қалай таңдауға болады!

Жүзуге арналған бассейнді қалай таңдауға болады!

Дәрігерлердің айтуынша, суда жүзу - жас мөлшері жағынан да, денсаулық жағдайы бойынша да қарсы көрсетілімдері мен шектеулері жоқ спорт түріне жатады.

Суда жүзу тірек - қимыл аппаратының созылмалы аурулары бар адамдарға да пайдалы.

Жүзу бассейндері халық жаппай пайдаланылатын объектілерге жатады, сондықтан су арқылы жұқпалы ауруды жұқтыру қаупі болғандықтан, бассейндерді сумен толтыру ережесіне қарамастан, тазартып, зарарсыздандырып отырады.

Бассейндердегі судың сапасы патогендік микробтардың дамуын болдырмайтындай болуы керек. Аурулардың алдын алу үшін бассейн әкімшілігі суды үнемі тазалап, ауыстырып, оның сапасын бақылауды жүзеге асыруы керек.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес суды тазартуға, зарарсыздандыруға және таратуға арналған құрылыстар бассейн жұмысының тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Бассейннің әрбір ыдысы су температурасының тұрақтылығын және реагенттердің автоматты түрде дозалануын қамтамасыз ететін өзіндік су дайындау жүйесімен жабдықталады. Санитариялық ережелердің талаптарына сәйкес зарарсыздандырудың келесі әдістері қолданылады: хлорлау, бромдау, озондау, ультракүлгін сәулелендіру.

Бассейн ваннасын дезинфекциялау су ағызылғаннан кейін және дезинфекциялау құралдарымен екі рет шаю әдісімен механикалық тазалау арқылы жүргізіледі. Белсенді хлор ерітіндісін шаю, оны жаққаннан кейін бір сағат өткен соң, жылы сумен жүргізіледі.

Ваннадағы судың қанағаттанарлықсыз сапасын куәландыратын негізгі микробиологиялық және (немесе) паразитологиялық көрсеткіштері бойынша судың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, объект әкімшілігі бассейн ваннасын жууды және дезинфекциялауды, үй-жайларды, жабдықтар мен мүкәммалдарды күрделі жинап, дезинфекциялайды. Кейіннен объект әкімшілігі нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес өндірістік бақылау шеңберінде бассейн суының сапасына, үй-жайларды жинау және дезинфекциялау тиімділігіне қайталап зертханалық зерттеулер жүргізеді.

Бассейн залы табиғи немесе жасанды жарықтандырумен қамтамасыз етіледі. Жарық саңылауларының көлемі су бетінің көлемін қоса алғандағы, бассейн үй-жайлары көлемінің 20%-нан кем болмайды.

Егер бассейндерді күтіп ұстауға қойылатын санитариялық ережелердің талаптары сақталмаса, онда бассейндердің суы аурулардың, соның ішінде жұқпалы аурулардың көзі болуы мүмкін, сондықтан жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары бассейннің мақсатына, түріне және келушілер контингентіне қарамастан міндетті болып табылады.

Бассейнді пайдалану кезінде санитариялық режимді және келушілердің жеке бас гигиенасы шараларын сақтау арқылы инфекциялардың пайда болуы мен таралуынының алдын алуға болады. Бассейнде қолданатын шомылатын киім (купальник) мен сүлгіні әр барғаннан кейін жуу қажет. Бассейнге барғанда ешқашан басқа адамдардың заттарын пайдаланбаңыздар, сонымен қатар ешкімге өз заттарыңызды да бермеңіздер.

Бассейнде шомылғаннан кейін жеке бас гигиенасын сақтаңыздар, сонда сіздер жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алып, бассейнге барудан ләззат аласыздар!