
Денсаулық сақтау саласының басты бағыттарының бірі - инфекциялық аурулардың иммунопрофилактикасы мен вакцинация болып табылады.
Қазақстанда инфекциялық ауруларға қарсы вакцинация ерікті түрде өтеді. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық рәсім, оның ішінде вакцинация егілушінің немесе оның заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі бар, оған сәйкес әрбір адам жоспарлы профилактикалық егулерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен белгіленген мерзімде не болмаса оларды жеке кесте бойынша алуға құқылы. № 612 қаулыда республикалық бюджет қаражаты есебінен келесі инфекцияларға қарсы жоспарлы иммундау жүргізілетін аурулардың тізбесі регламенттелген: «В» вирустық гепатитке, b типті гемофильдік инфекцияға, күл ауруына, көкжөтелге, қызылшаға, қызамыққа, пневмококк инфекциясыса, полиомиелитке, сіреспеге, туберкулезге, эпидемиялық паротитке және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша құтырмаға, іш сүзегіне, кене энцефалитіне, обаға, коронавирустық инфекцияға қарсы иммундау. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен А вирустық гепатитке, тұмауға, сібір жарасына және туляремияға қарсы егулер жүргізіледі.
Сонымен қатар, халықты иммундау мәселелері басқа да нормативтік құжаттармен, атап айтқанда ҚР ДСМ-нің мынадай бұйрықтарымен реттеледі:
1) ҚР ДСМ 2018 жылғы 13 маусымдағы № 361 бұйрығымен бекітілген «Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу, вакцинация қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде);
2) ҚР ДСМ 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-155/2020 бұйрығымен бекітілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің өз иелігіндегі жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, жалған және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою қағидалары (пайдалануға жарамсыз вакциналар мен вакциналардың қалдықтарын кәдеге жарату бөлігінде);
3) ҚР ДСМ 2020 жылғы 29 қазандағы №ҚР ДСМ-169/2020 бұйрығымен бекітілген инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу және тергеп-тексеру, есепке алу мен есептілігін жүргізу қағидалары (ИКҚК тексеру бөлігінде)
4) «Иммунологиялық дәрілік препараттарды (иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды) сақтауға, тасымалдауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 шілдедегі № ҚР ДСМ-62 бұйрығы;
5) «Профилактикалық екпелерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-146/2020 бұйрығы.
Екі облыста профилактикалық егулер 204 медициналық ұйымда оқытылған медициналық персоналмен жүргізіледі, оның ішінде ШҚО - да - 93, Абай облысында - 111. 2022 жылдың 8 айында ҚР Ұлттық екпелер күнтізбесіне сәйкес барлық екпе түрлері бойынша мақсатты топтағы балаларды профилактикалық екпемен қамтудың нормаланған көрсеткіші қамтамасыз етілді.
2022 жылдың 8 айында халықтың мақсатты тобын күл ауруына, көкжөтелге, сіреспеге, В вирустық гепатитке, полиомиелитке, гемофильді инфекцияға қарсы иммундаумен қамту ұсынылатын кемінде 63,3-66,7% ең төменгі-ең жоғары көрсеткіші кезінде қол жеткізілді және келесіні құрады:
1 жасқа дейін - 66,3-68,6%;
1 жаста – 64,5-67,3%;
2 жасқа дейін – 65,8%;
6 жаста – 65,5%.
2022 жылдың 8 айында профилактикалық егулерден барлығы 112 бас тарту тіркелді. 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бас тартулар санының 34 жағдайға төмендеуі байқалады. 112 бас тартудың 2 - уі діни, 77-сі жеке наным-сенімдерден туындаған, 32-сі вакцинаға сенімсіздік себебінен, 1 жағдайда бұрын алынған вакцинаға расталған реакция нәтижесінде орын алған. Бас тартудың 88% - ы (98 жағдай) 1 жасқа дейінгі балалар, 1 жастан 2 жасқа дейінгі және 6 жастан 15 жасқа дейінгі балаларда 5 жағдайдан, 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларда 3 жағдайдан, 16 жастан асқандарда 1 жағдайдан келеді.
ШҚО-ның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес инфекциялық ауруларға қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру мен жүргізу мәселесін тұрақты түрде бақылауда ұстайды. Иммунопрофилактика бойынша проблемалық мәселелер департаменттің аумақтық басқармаларымен өтетін жедел кеңестердің күн тәртібіне үнемі шығарылып отырады, жергілікті атқарушы органдар мен медициналық кеңестердің отырыстарында қаралады. Ағымдағы кезеңде халықты қауіпсіз иммундау мәселелері ШҚО ДСБ-ның 2 отырысында және 29 медициналық кеңесте қаралды.
Қауіпсіз иммундауды қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер талаптарының сақталуын және ИМБП-ды барлық деңгейде сақтау, тасымалдау кезінде «суық тізбектің» сақталуын бақылау ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу барысында жүзеге асырылып, бұзушылықтар анықталған кезде тиісті шаралар қабылданады.
2022 жылдың ағымдағы кезеңінде ерекше тәртіп бойынша тексерулермен облыстың 361 егу кабинеті қамтылды, иммунопрофилактика мәселелері бойынша бұзушылықтар 261-де анықталды, 201 хаттама толтырылып, 10032984 сомаға 200 айыппұл салынды, тексеру нәтижелері бойынша 102 ұйғарым берілді.
Департаментпен КВИ-ға қарсы вакцинацияға жұмылдырылған медицина қызметкерлері үшін тұрақты негізде оқыту семинарлары ұйымдастырылып, өткізіледі. 2022 жылдың ағымдағы кезеңінде облыста вакцинация мәселелері жөнінде 90 семинар өткізіліп, 1408 медицина қызметкері аттестациядан өтті.