
Әлеуметтік желілерде Зайсан ауданында түсірілген фалангтар, өрмекшітектес жәндіктердің фотоларына қатысты Шығыс Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өз құзыреті шегінде келесіні хабарлайды:
Жәндіктердің шағуына байланысты Зайсан ауданының медициналық ұйымдарына тұрғындар жүгінбеген.
ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ 9-бабына сәйкес, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган инфекциялық және паразиттік ауруларға эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асырады. Фалангтар жұқпалы және паразиттік аурулардың қоздырғышы болмағандықтан, фалангтардың шағуынан зардап шеккендерді бақылау қызметтің құзыретіне жатпайды.
Анықтама: Фалангалар Зайсан ауданының шөл және шөлейт аймағының фаунасына тән жәндіктер болып табылады. Фалангтар улы емес. Егер шағу жағдайы орын алған жағдайда, антисептикпен қолдану керек – сутек пероксиді, бриллиант жасыл, йод немесе спирт.