ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ КҮНІ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ КҮНІ

2019 жылдан бастап жыл сайын 7 маусымда Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күні атап өтіледі. Мақсаты – әлемдегі кейбір жерлердегі аштық мәселесі ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салты қағидаттарына қол жеткізу, оның ішінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Тамақтан тарайтын аурулар ғаламдық сипатқа ие, олардан барлық жастағы адамдар, әсіресе 5 жасқа дейінгі балалар және табысы төмен елдерде тұратын адамдар зардап шегеді.

Шығыс Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық бөлімшелері өз кезегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде облыс аумағында өткізілетін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.

Халықтың тамақтану жағдайы, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі халық денсаулығын сақтау және нығайту үшін аса маңызды факторлар болып табылады.

Қазіргі қоғам дұрыс тамақтануға ерекше назар аудара бастады, оның құрамдас бөлігі азық-түлік қауіпсіздігі – биологиялық, химиялық және радиациялық.

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі – бұл адамға және болашақ ұрпаққа зиянды әсер етумен байланысты жол берілмейтін қатердің жоқ екендігін куәландыратын тамақ өнімдерінің жай-күйі.

Тамақ өнімдерінде ластаушы заттардың болу факторларына байланысты адамға зиянды әсер етеді, олар: радионуклидтер, токсиндер, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін патогендік микроорганизмдер болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта тамақ контаминанттарына химиялық (уытты элементтер, пестицидтер, нитрозоаминдер, полихлорланған бифенилдер және т. б.), биологиялық (зеңді микроскопиялық саңырауқұлақтар мен микотоксиндер, бактериялар мен бактериялық уыттар, ашытқы, теңіз өнімдерінің уыттары және т. б.) және физикалық сипаттағы заттардың жеткілікті үлкен спектрі жатады, бұл ретте микробиологиялық тәуекелдер бірінші орындардың біріне шығады.

Сонымен қатар, тамақ өнеркәсібінде жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу тамақтанумен байланысты жаңа қауіптерді тудыруы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.

Осылайша, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі оның өмірлік циклінің бүкіл тізбегі бойынша қамтамасыз етілуі керек: азық-түлік шикізатын өсіру, өндіру, тасымалдау, сақтау және сату.

Қазіргі уақытта тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне түпкілікті өнімнің ластануының ықтимал қатерлерін айқындай отырып, тамақ өнімдерін өндіруші жүзеге асыратын қатаң өндірістік бақылау да, сондай-ақ оның қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау да жүзеге асырылуы тиіс. Алайда, халықтан да тамақ өнімдерін таңдау, өңдеу, сақтау және пайдалану кезінде жауапты болуды сұраймыз.

Шығыс Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті дастарханыңызда денсаулыққа пайдалы және қауіпсіз тамақ өнімдерінің болуын тілейді!