Қолайсыз метеожағдайлар

Қолайсыз метеожағдайлар

Шығыс Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Өскемен қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) туындаған кезеңдерде жүргізілетін шараларға қатысты өз құзыреті шегінде келесіні хабарлайды.

Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында Өскемен қаласында ҚМЖ хабарланған күндері ҚР ЭГжТРМ «Қазгидромет» ШЖҚ РМК ШҚО бойынша филиалының дауыл ескертулеріне сәйкес ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК ШҚО бойынша филиалының санитариялық-гигиеналық зертханасы ШҚО экология департаментінің зертханасымен бірлесіп селитебті (тұрғын) аймақта атмосфералық сынамаларды іріктеуді жүргізіледі.

Атмосфералық ауадан сынама алу экология департаменті сұраған ластаушы заттарға жүргізілді, олар: көміртегі оксиді, күкіртсутек, күкірт диоксиді, аммиак, азот диоксиді, шаң, сутегі хлориді.

Ақпан айында атмосфералық ауаны зерттеу нәтижелері бойынша көрсетілген ластаушы заттардың ең жоғары бір реттік концентрациясынан асып кетуі мынадай ластаушы заттар бойынша анықталды: көміртегі оксиді, күкіртсутегі, сутегі хлориді.

Басқа ластаушы заттар бойынша ең жоғары бір реттік шоғырланудан асып кету анықталған жоқ.

Жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша ақпарат ШҚО бойынша экология департаментіне жолданады.

ҚМЖ кезеңінде атмосфералық ауаға зертханалық зерттеулер жүргізу бөлігіндегі жұмыстар жалғасуда.

 

ҚМЖ болғанда атмосфераның беткі қабатында ластаушы заттар жиналады, бұл адамдардың денсаулығына теріс әсер етеді.

Мұндай жағдайларда алдын-алу шараларының кешенін біліп қолдану ластаушы заттардың адам ағзасына әсерін едәуір әлсіретеді және алдын алады.

Осыған байланысты, ШҚО СЭБ Департаментімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ақапарттық ресурстарда қала тұрғындарына ҚМЖ басталған кезде ағзаны қорғау үшін кейбір ұсыныстар берілді:

- Дене белсенділігін және ашық ауада болуын шектеу;

- Пәтерлердегі терезелер мен желдеткіштерді жабу керек;

- Қайнатылған, тазартылған немесе газсыз сілтілі минералды суларды, не болмаса шәй ішу керек, сондай-ақ ас содасының шамалы ерітіндісімен ауыз қуысын жиі шаю;

- Тамақтану рационына құрамында пектині бар азық-түліктерді, мысалы: пісірілген қызылша, қызылшаның шырыны, алма, жеміс киселі, сондай-ақ итмұрының, мүк жидектің, рауғаштың негізінде жасалған витаминді сусындарды, шөптердің қайнатпасын, табиғи шырындарды қосу керек;

- Балалардың тамақтану рационында сүт және сүт өнімдерін, ірімшік, ет тұтынуды көбейтуге ұсыныс жасалады;

- Уытты заттарды шығару және азғаны тазарту үшін таган-сорбент, индигель, тагангель, белсендірілген көмірді қолдануға ұсынылады;

- Ашық ауада ұзақ жүруге болмайды;

- Балаларды балабақшаларда серуенге шығармауға, мектептерде далада дене шынықтыру сабақтарын өткізбеуге кеңес беріледі;

- ҚМЖ кезеңдерінде мүмкіндігінше қаланың сыртына немесе саябақ аймақтарына барған жөн.