Қолайсыз метеорологиялық жағдайларды (ҚМЖ) жариялау кезінде өзін қалай ұстау керек?

Қолайсыз метеорологиялық жағдайларды (ҚМЖ) жариялау кезінде өзін қалай ұстау керек?

Жылдың суық мезгілінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың болуы сирек құбылыс емес. Олар ең алдымен автомобильдер мен кәсіпорындардың  шығаратын ластаушы заттардың ауаға таралуын баяулататын жиі желсіз, қуатты және күшті температура инверсиясымен байланысты.

Бүгінде кез келген өнеркәсіптік қалалардың тұрғындары ластанған атмосфера ауасынан толық көлемде қорғана алмайды. Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) басталған кезде атмосфераның жер бетіндегі қабатында ластаушы заттар жинақталады, бұл атмосфераның жағдайына және адамдардың денсаулығына теріс әсер етеді. Мұндай уақытта  кәсіпорындар шығарындыларын азайтуы қажет.

Осындай жағдайларда зиянды әсерлерді бейтараптандыру бойынша кешенді алдын алу шараларын қолдану ластаушы заттардың адам ағзасына әсерін біршама дәрежеде бәсеңдетеді, тіпті жоя да алады.

ҚМЖ басталған кезде адам ағзасын қорғаудың кейбір ұсыныстары:

- Дене белсенділігін және ашық ауада болуын шектеу;

- Пәтерлердегі терезелер мен желдеткіштерді жабу керек;

- Қайнатылған, тазартылған немесе газсыз сілтілі минералды суларды, не болмаса шәй ішу керек, сондай-ақ ас содасының шамалы ерітіндісімен ауыз қуысын жиі шаю;

- Тамақтану рационына құрамында пектині бар азық-түліктерді, мысалы: пісірілген қызылша, қызылшаның шырыны, алма, жеміс киселі, сондай-ақ итмұрының, мүк жидектің, рауғаштың негізінде жасалған витаминді сусындарды, шөптердің қайнатпасын, табиғи шырындарды қосу керек;

- Балалардың тамақтану рационында сүт және сүт өнімдерін, ірімшік, ет тұтынуды көбейтуге ұсыныс жасалады;

- Уытты заттарды шығару және азғаны тазарту үшін таган-сорбент, индигель, тагангель, белсендірілген көмірді қолдануға ұсынылады;

- Ашық ауада ұзақ жүруге болмайды;

- Балаларды балабақшаларда серуенге шығармауға, мектептерде далада дене шынықтыру сабақтарын өткізбеуге кеңес беріледі;

- ҚМЖ кезеңдерінде мүмкіндігінше қаланың сыртына немесе саябақ аймақтарына барған жөн.