
Тас көмір – өсімдік қалдықтарының терең ыдырауынан түзі летін шөгінді тау жынысы (ағашқа ұқсас папоротниктер, қылқан жапырақты және плаундар, сондай-ақ алғашқы жалаңаш тұқымды өсімдіктер). Химиялық құрамы бойынша тас көмір жоғарғы молекулярлық хош иісті қосындылар, жоғарғы мөлшерде көмірқышқылы және су мен аз мөлшердегі минералды қоспасы бар ұшпа заттардың қосындысынан тұрады.
Көмір түрлі салада қолданылады. Ол күнделікті тұрмыста, металлургиялық және химиялық өнеркәсіпте шикізат ретінде, энергетикалық отын, сондай-ақ одан сирек кездесетін шашыраңқы элементтерді алады, тас көмірден жасанды графит алынады.
Көмірдің тереңде жатуына байланысты оны алудың ашық және жерасты тәсілдері бар. 100 метрден аспайтын көмір қойнауқатының тереңдігіне ашық тәсілі қолданылса, тым тереңде жатқан көмірді шығару үшін шахталар пайдаланады (жерасты тәсілі).
Көмірді алу, оны өңдеу және пайдалану кезінде көмірде табиғи радиоактивтік сәулелену көздерінің бар болуы негізінен аса қауіпті фактор болып табылады, ол адамның ағзасына жағымсыз әер етуі мүмкін.
Сондықтан қатты отынның радиоактивтілігін алдын ала бағалау кен орнын барлау, ұңғыманың түбіндегі ашық карьерге немесе қабатқа арналған аумақтың беткі қабатын түсіру сатысында жүргізіледі.
Көмірдің радиациялық факторларының отын шикізатын өндіретін және қайта өңдейтін персоналдарға, оны шаруашылық мақсаттарда пайдаланатын халыққа зиянды әсерін шектеу мақсатында Ұлттық экономика министрінің 27.02.2015 ж. №155 бұйрығымен (РҚҚҚСЭТ-2015 ГН) бекітілген «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтерімен қатты отынның радиоактивтілігін бағалауға қойылатын талаптар белгіленді, олар мынаны қамтиды:
1) гамма-сәуле қуатының көрсеткіштері және учаскенің біртектілігін анықтау. Кен орнының (қойнауқаттың) учаскелері гамма-сәулеленудің эквивалентті дозасының қуат мәндерінің айырмашылығы бүкіл бетінде 30%-дан аспаған кезде біртекті болып саналады;
2) көмір мен күлдің табиғи радионуклидтерінің үлестік белсенділігі, олардың нәтижелері бойынша шектеулер жүйесі және отынды қауіпсіз пайдалану түрлері белгіленеді.
Көмірдің табиғи радионуклидтерінің үлестік белсенділігіне зерттеулер зертханалық жағдайларда, арнайы құралдар – спектрометрлерде жүргізіледі. Отын шикізатының қауіпсіздігі туралы түпкілікті шешім уран (радий) және торий радионуклидтерінің салыстырмалы белсенділігінің және олардың ең аз мәнді үлестік активтеріне қатынасының сомасын есептегеннен кейін жүргізіледі (МЗУА-осы көзді пайдалануға рұқсаты болуы қажеттігін бағалау кезінде қолданылатын ашық сәулелену көзі затындағы радионуклидтің үлестік белсенділігінің мәні). Радионуклидтердің МЗУА туралы мәліметтері гигиеналық нормативтердің 26-қосымшасында көрсетілген.
Есептеу нәтижелеріне байланысты РҚҚҚСЭТ-2015 ГН сәйкес көмірдің радиациялық қауіптілігінің 2 сыныбы белгіленеді, атап айтқанда:
I-радиациялық қауіптілік сыныбы – радионуклидтердің меншікті белсенділігінің МЗУА ≤ 1-ге қатынасының сомасы, бұл ретте көмірді шаруашылық қызметте пайдалануға ешқандай шектеулер енгізілмейді;
II-радиациялық қауіптілік сыныбы – радионуклидтердің үлес белсенділігінің МЗУА-ға қатынасының сомасы > 1. Көмірді шаруашылық қызметте пайдалануға тыйым салынады.
Қатты отынды халық пайдаланған кезде оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізгеннен кейін аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды береді.
2014-2021 жылдар кезеңінде ШҚО бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Майкөбен кен орны «Қаражира LTD» ЖШС көмір карьерінің қатты отынын пайдаланатын тұтынушылардан іріктелген көмірдің 27 сынамасына радиологиялық зерттеулер жүргізді. Зерттеулердің алынған нәтижелері радионуклидтердің МЗУА-ға үлестік белсенділігінің барлық сынамалардағы қатынасының сомасы 1-ден кем екенін көрсетті, бұл шаруашылық қызметте көмірді пайдалануға ешқандай шектеулер қойылмайды.